4 – тапсырма
Ізденімдік деңгей
Шарты: Интерактивті тақтамен жұмыс. ( Оқушы шығып тақтаға
қарындашпен белгілеп тұрады, сөйлем толық оқылады. Сөйлемдер үлгідегі жалғаулармен толықтырылады.)
Берілгені: Хатты ___ кеудесіне қысады да, __ оған мейірі қанбағандай бетіне басады. (Ә.Ә)
___ ашу, ___ айламен еп ойлады. __ қулық, ___ сұмдықпен жұмысым жоқ. (Шәкәрім)
Баяу өскен жел ____ басылады, ___ толқып,жасыл шөптердің басын ақырын ғана ырғайды.
Тапсырманың орындалу барысы: Хатты біресе кеудесіне қысады да, біресе оған мейірі қанбағандай бетіне басады. (Ә.Ә)
Кейде ашу, кейде айламен еп ойлады. Не қулық, не сұмдықпен жұмысым жоқ. (Шәкәрім)
Баяу өскен жел бірде басылады, бірде толқып,жасыл шөптердің басын ақырын ғана ырғайды.
Әдістемелік сипаттама: Берілген тапсырма арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру