Қолданбалы бағдарламалар
Мәтіндік редакторлар. Негізгі атқаратын қызметтері - бұл енгізу және мәтіндік
деректерді редакциялау. Енгізу, шығару және деректерді сақтау үшін- мәтіндік редакторлар жүйелі бағдарламалық қамсыздандыруды пайдаланады.
Мәтіндік процессорлар. Мәтінді рәсімдеуге рұқсат етеді..Мәтіндік процессорлардың неғізгі міндеті ол мәтіндерді, кестелерді, графиктерді және тағы басқа объектілерді бір бірімен әрекеттесуіне арналған құрал.
Электрондық кестелер. Әртүрлі деректер типтерін сақтайтын және өңдейтін жиынтық құралы болып табылады.Мұндағы негізгі акцент - сандық деректер мен оларды түрлендіру.
Графикалық редакторлар. Графикалық кескіндерді жасау және өндеу үшін арналған бағдарламалардың кең сыныбы. Олар үш топқа болінеді: растрлік редакторлар; векторлық редакторлар; 3-D редакторлары (трехмерная графика).
Деректер қорларын басқару жүйелері. Деректер қоры-ақпараттық жүйелердің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ақпараттық жүйе өз алдына басқару функциясын орындау үшін әр алуан денгейдегі жұмыстарды ақпаратпен жабдықтаған объект туралы ақпаратты жинау, тасымалдау, қайта өңдеу бойынша қатынас жүйесін білдіреді.