Аквинский саяси биліктің: аристократиялық, олигархиялық және демократиялық түрлерін атап көрсетеді. Сонымен
қатар монархиялық құрылымның абсолюттік және саяси түрлерін ажыратады. Ол заңның ерекше теориясын жасап та шығарды. Барлық заңдардың негізі алла-тәңірден деген пікір айтады. Ал табиғи заңдар болса, содан негіз алады. Адамдық заңдар да содан шығады. Адамдық заңдар туралы түсінікті енгізгенде Аквинский феодалдық заңдар туралы айтады. Оның ілімінде Інжілден негіз алатын құдайшылдық заңдары да бар. Өйткені заңдар зұлымдықтың атаулының баршасын бірдей жоя алмайды екен.