Бүйрек зәр түзе отырып, қаннан шығатын бөлінділерді сүзетін

Содержание

Слайд 2

Бүйрек — адам мен омыртқалы жануарлар организмінде несеп түзетін және оны

Бүйрек — адам мен омыртқалы жануарлар организмінде несеп түзетін және оны

шығаратын жұп орган. Ересек адамда әрбір бүйректің салмағы 120—200 г-дай, ұзындығы 10—12 см, ені 5—6 см, қалыңд. 3—4 см-дей болады. Бүйрек іш қуысында, омыртқа бағанасының екі жағында — соңғы кеуде омыртқасы және жоғ. бел омыртқа тұсында орналасады. Бүйректің ішкі жиегінде бүйрек қақпасы бар, сол арқылы бүйрекке артерия мен жүйке талшықтары өтеді. Қақпа бүйректің ішіне тереңдеп еніп, көлемді қуыс — бүйрек қойнауына айналады. Онда кіші, үлкен бүйрек тостағаншалары және бүйрек түбегі, қан тамырлары, жүйке талшықтары орналасады. Бүйректі майлы шандыр қабаты жауып жатады. Бүйрек беткейі қыртыс заттан, терең қабаттары — милы заттан тұрады. Қыртыс зат тұтас болып келеді, ал милы зат пирамида тәрізді 10 — 15 үшбұрышты денелерден құралған. Бүйректің анатомиялық құрылым бірлігі нефрон деп аталады. Олардың саны 1 млн-дай. Нефрон әр түрлі бүйрек өзекшелерінен түзіледі. Нефрон өзекшелерінің екі бүйректегі жалпы ұзындығы 100 км шамасында болады. Нефрон арқылы зат алмасу процесінде пайда болатын организмге қажетсіз және зиянды заттар сыртқа шығарылады. Пирамиданың бүйрек қойнауына ашылатын ұшы бүйрек бүртігін құрайды. Осы бүртіктегі түтіктер арқылы несеп бүйрек қойнауындағы 8 — 9 кіші бүйрек тостағаншаларына құйылады. Екі-үш кіші бүйрек тостағаншалары өзара қосылып, үлкен бүйрек тостағаншаларын түзеді. Олар өзара бірігіп, бүйрек түбегін құрайды. Осы бүйрек түбегі біртіндеп жіңішкеріп, бүйрек қақпасы тұсында несепағарға жалғасып, қуыққа жиналған несеп сыртқа шығарылады. Бүйрек түбегінің қабырғасы суды, тұзды, көмірсуларын өткізеді де, қандағы ақуызды өткізбейді. Несепке белоктың араласуы бүйректің ауруға шалдыққаны. Организмдегі барлық қан бүйрек арқылы сүзіліп, тазарады.
Слайд 3

Бүйрек қызметі Бүйрек маңызды сыртқа бөліп шығаратын мүше болып табылады.Бүйрек– бұл

Бүйрек қызметі

Бүйрек маңызды сыртқа бөліп шығаратын мүше болып табылады.Бүйрек– бұл

жұп мүше, себебі олар екеу болады және омыртқаның екі жағында орналасады.Екі бүйректің массасы дене салмағының 0,45-0,70% құрайды. Құрамындағы су -83%, құрғақ қалдық – 17% құрайды.
Бүйректің қызметтері
Бүйрек ағзада сыртқа шығару, гомеостазды, артериялық қысымды ұстап тұру, биологиялық-активті заттардың түзілу, улы заттарды залалсыздандыру, заттардың метаболизміне қатысу қызметтер атқарады.
Слайд 4

1.Бүйректің сыртқа бөліп шығару қызметі Бүйректің сыртқа бөліп шығару қызметіне олардың

1.Бүйректің сыртқа бөліп шығару қызметі
Бүйректің сыртқа бөліп шығару қызметіне олардың

қаннан метаболизмнің соңғы өнімдерінің, тұздар, дәрілер, бояулар, улы заттарды сыртқа шығаруы жатады. Бүйрек арқылы метаболизмнің келесі соңғы өнімдері бөлініп шығады: креатинин, мочевина, несеп қышқылы, гиппур қышқылы, индикан және басқа эфиркүкірт және эфирглюкурон қышқылдары, аммоний тұздары, альдегидтер, гидроксиқышқылдар, путресцин, кадаверин және басқалары. Бүйректің бұл қызметі зәр түзу және оның концентрлеуге немесе сұйылтуға қабілеттілігіне байланысты.
2.Реттеуші-гомеостатикалық қызметі
Бүйрек ағзадағы иондардың концентрациясын, судың мөлшерін, қышқыл-сілтілі тепетеңдіктің , осмостық қысымның, артериалдық қысымның, әртүрлі заттардың деңгейін реттеуге қатысады. Мысалы, бүйрек глюкозаның, креатинин, мочевина және басқа метаболиттердің деңгейін реттеп отырады.
Бүйректе барлық заттардың аралық алмасуының реакциялары интенсивті өтеді. Бүйректе улы заттар, мысалы, глицинмен конъюгирлену жолымен залалсызданады.
Слайд 5

3.Бүйректің эндокриндік қызметі Бүйректің эндокриндік қызметі- оларда Д3 витаминінің алмасу-активті түрлері,

3.Бүйректің эндокриндік қызметі
Бүйректің эндокриндік қызметі- оларда Д3 витаминінің алмасу-активті түрлері,

эритропоэтин, ренин және басқа биологиялық активті заттар түзіледі. Эритропоэтин сүйек кемігінде эритроциттердің түзілуін стимулдейді, сондықтан бұл қосылыстың синтетикалық аналогы медицинада анемияны емдеуге қолданылады.Ренин артериалық қысымды реттеуге қатысады, сондықтан бүйрек аурулары кезінде жиі гипертония байқалады.
4.Нефрондар
Бүйректің негізгі қызметтері нефрондарға байланысты болады. Нефрон –бүйректің құрылымдық-функционалды бірлігі. Нефрондар екі түрлі болады: кыртыстықжәне юкстамедуллярлық. Бұл нефрондар қызметтері бойынша ерекшеленеді.Ағзада су қалыпты мөлшерде болғанда қан плазмасының көлемін қыртыстық нефрондар реттейді, ал су жеткіліксіз болғанда, юкстамедуллярлық нефрондарындаоның реабсорбциясы күшейеді.
Слайд 6

Бүйрек қызметінің реттелуі Бүйрек ұлпаларының рецепторларынан афференттік жүйке импульстері мен ондағы

Бүйрек қызметінің реттелуі

Бүйрек ұлпаларының рецепторларынан афференттік жүйке импульстері мен ондағы

қан құрамындағы өзгерістер орталық жүйке жүйесіне, гипоталамус және ми қыртысы орталықтарына берілеці. Ал эфференттік нерв импульстері нейрогипофизге беріліп, ондағы несептің түзілуін реттейтін вазопрессин гормонын қанға шығарады. Бұл гормон қан айналыс жолымен бүйрек үсті безіне барып, альдостерон гормонының өнімін арттырады.
Альдостерон адреналинмен бірге бүйректегі реабсорбцияны (кері сіңу) реттейці. Вазопрессин гиалуроницаза ферментінің белсеңділігін жоғарьшатып, несеп жинағыш түтікшелердің клеткааралық заты гиалурон қышқылын ыдыратады. Мұның нәтижесінде жинағыш түтікшелердің қабырғасы суды жақсы өткізеді.
Адреналин артерия қан тамырларын тарылтып, нефрондарда сүзілу қысымын өсіріп, несептің түзілуін жеделдетеді және тұздардың шығуын тездетеді.
Жыныс гормондары бүйрек ішіндегі сүзу, кері сіңу құбылыстарына әсер ету арқылы судың және натрий тұзының мөлшерден тыс сыртқа шығып кетпеуін қадағалайды.
Бүйректің қызметін реттеуге соматотропин, тироксин, инсулин, серотонин, гистамин сияқты гормондардың қатысы бар деген болжамдар да баршылық, бірақ олардың әсер ету тетіктері әлі толық зерттелмеген.
Слайд 7

Бүйректің құрылысы Сыртқа шығару мүшелерінің ішінде бүйрек ерекше орын алады. Адамның

Бүйректің құрылысы

Сыртқа шығару мүшелерінің ішінде бүйрек ерекше орын алады. Адамның

бүйрегі жүп мүше. Ол бел омыртқаларының екі бүйірінде, қабырғалардан төмен орналасқан. Оң бүйректің орналасуы сол жақ бүйректен сәл жоғарырақ. Екеуінің құрылысы бірдей. Бір бүйректің массасы 120-150 г. Сырты дәнекер ұлпасымен қоршалған. Бүйректі қалың бүйрек майы қаптап тұрады. Бүйрек сыртқы қызғылт қоңыр түсті қ ы р т ы с қабаты және ішкі ортаңғы ақшыл м и л ы қабаты болады. Бүйректің сыртқы жиегі дөңестеу, ішкі жиегі ойыстау келеді. Қан тамырлары, нервтері және несеп ағар түтікшелері бүйрекке ойыс жағынан кіреді. Бүйректің ойыс жағында бүйрек т ү б е г і болады, ол бүйрек тостағаншаларына жалғасады. Бүйректің тостағаншаға жалғасқан үшында бүртіктері болады.
Слайд 8

Слайд 9

Бүйректің қызметі мен құрылысының жас ерекшеліктері Бала бүйрегінің құрылыс ерекшелігі. Нәрестенің

Бүйректің қызметі мен құрылысының жас ерекшеліктері

Бала бүйрегінің құрылыс ерекшелігі. Нәрестенің

бүйрегінің массасы 11-12 г, 1 жаста - 36-37 г, 5 жаста - 55-56 г. Бүйрек ұлпаларының өсу қарқыны алғашқы 3 жыл ішінде, жыныстық жетілу кезеңінде және 20-30 жас аралығында жоғары болып, өсіп жетіледі.
Нәрестенің бүйрегінің сыртқы беті бөліктеніп тұрады. Ол бөліктер 2 жасқа қарай тегістеле бастайды да, 5 жаста жойылып, түгел тегіс болады. Бүйректің қыртыс қабатының қалыңдығы нәрестелерде 2 мм, ал оның ішкі ми қабаты 8 мм болады.
Нәрестелердің нефрондарының иірілуі аздау. 1 жаста иірімді өзектердің өсу қарқыны күшті, ал 3-4 жаста олардың саңлауларының диаметрі кеңейеді, қабырғасындағы клеткалардың құрылысы мен қызметі жақсы жетіледі.