ЗАРЯДТАЛҒАН БӨЛШЕКТЕРДІҢ ТҰРАҚТЫ ЭЛЕКТР ӨРІСІ МЕН МАГНИТ ӨРІСІНДЕГІ ҚОЗҒАЛЫСЫ ( E
≠ 0 , B ≠ 0 БОЛҒАНДА)
Зарядталған бөлшектерге біруақытта магнит өрісі мен электр өрістері қатар əсер ететін жағдайды қарастырамыз. Алдымен, магнит жəне электр өрістері тұрақты болсын.
Егер электр өрісі магнит өрісіне паралель бағытталса, онда ол бөлшекті өзінің бағыты бойымен магнит өрісі жоқ сияқты үдемелі немесе кемімелі қозғалысқа келтіреді. Сонымен қатар B -ға перпендикуляр жазықтықта бөлшектердің қозғалысы өзгермейді. Сондықтан бұл жағдайда бөлшектердің траекториясы біртіндеп созылатын орамдық сызық болады (электр өрісінің бағыты мен жылдамдықтың көлденең компонентінің бастапқы шамасына байланысты) .