Тірі организмнің электр өткізу қабілеті
Диэлектриктердің поляризациясы электрондық, иондық, дипольдік, макроструктуралық, беттік
және электролиттік болып бөлінеді. Биологиялық объектілерде таза электрондық өткізгіштік болмайды, олар диэлектриктер немесе электролиттер ерітінділері болып табылады, оған қан, цитоплазма және әртүрлі ұлпа сұйықтары жатады. Мысалы қан плазмасы 0,32% ас тұзынан, және аздаған пайыз басқа тұздардан, 6-7 % белоктан тұрады. Осындай көп бос иондары бар жүйелердің меншікті кедергісі аз болады деп ойлауға болады, бірақ та тәжірибелер көрсеткендей тұрақты ток өткен кездегі цитоплазманы меншікті кедергі өте үлкен .