Ламинарлық режим қозғалыстың төменгі жылдамдығында немесе сұйықтың мәнді тұтқырлығында байқалады, ол
паралель қабаттармен бір-бірімен араласпай қозғалады. Ағыстар әртүрлі жылдамдықты болады, бірақ әрбірінің жылдамдығы тұрақты және ағын осіне бойлықты бағытталады. Бұл кезде, құбырға сұйықтың кірер жерінен бірнеше қашықтықта орнықтырылған сұйықтың орташа жылдамдығы максимал шаманың жартысына тең ωорт. = 0,5ωмакс.
Турбуленттік режим кезінде сұйықтың бөлшектері үлкен жылдамдықпен әртүрлі бағытта қозғалады, қозғалыс тәртіпсіз, хаостық күйде болады, бөлшектер осьтікте, радиалдықта бағыттарда қозғалады. Арынның әрбір нүктесінде уақыт бойында жылдамдықтың жедел өзгерістері өтеді – жылдамдықтың соғуы. Бірақ ламинарлық қозғалыстағы сияқты, турбуленттіктеде өте жұқа шекаралық қабатта сұйықтың қозғалысы ламинарлық сипатта болады, сондықтан қалыңдығы δ бұл қабат ламинарлы шекаралық қабат деп аталады. Ағынның басқа бөлігінде жылдамдықтардың таралуы ламинарлық қозғалысқа қарағанда бірқалапты болады және ωорт. 0,85ωмакс.
Сұйықтың ағу режимі - ламинарлық және турбуленттік болып бөлінеді.