Тоққабылдағыш түйіспе сымдарынан токты қабылдау және электр қуатын электровоз жабдықтарына беру
қызметін атқарады.
Көмірлі ендірмелердің мыс жапсырмалардан едәуір айырмашылығы бар. Олар майлауды қажет етпейді. Графиттің қабаттардан тұруына байланысты ендірмелер жылжыған кезде өздерін өзі майлайды. Түйіспе сымының ойлы-қырлы жерлері графитпен толады да сым тегістеледі. Көмірлі ендірмелерді пайдаланғанда түйіспе сымдарының тозуы мыс жапсырмаларын пайдаланағанмен салыстырғанда бірнеше есе аз. Сондықтан көмірлі ендірмелер айнымалы токты электровоздарда кеңінен пайдаланылады.
Көмірлі ендірмелер түйіспе сымның жеке тозуын 3-4 есеге төмендетеді. Олар, ток қабылдаудан туындайтын радио кедергілердің деңгейін төмендетеді.
ұзындығы 240мм
қалыңдығы 30мм
салмағы 400г