Озон тесігі (Озоновая дыра; грек, ozon — иісі шығу, аңқу) — ғаламшардың озон
қабатындағы озон (көк түсті, өткір иісті газ) құрамының едәуір төмендеуінен I (50 %-ға дейін және одан да жоғары) 20-25 км биіктікте пайда болған кеңістік.
Бұл — жердің озон қабатының тозуындағы күрделі экологиялық мәселенің бір бөлігі. Антропогендік факторлардың салдарынан атмосфераға суытқыштар (фреондар) мен азот оксиді (космостық аппараттар және ұшақтардың органикалық отынының толық жанбаған өнімі) шығарындыларының көп бөлінуінен ғаламшардың озон қабатында бұзылу процесі басталған.