Қазір Қазақстан Республикасы аумағында, ірі масштабты топырақ карталарын құрастыруда, картаға түсірілетін
жерлерді төмендегідей күрделілік категорияларға бөледі
1 категория: бедері жазық немесе сәл бөлшектенген, тау жыныстары мен топырақ жамылғысы біріңғай далалы және шөлейт далалы аймақтар. Топырақтар аллалығы 10%-дан аспайды.
2 категория: А) жер бедері айқынды мүсіндерге кескінделген, аналық жыныстары біріңғай және топырақ жамылғысы күрделі емес орманды далалы және шөлейт далалы территориялар. Топырақ нұсқаларындағы алалық 10%-дан аспайды. Б) бірінші категориялық жерлер, бірақ эрозияға ұшыраған топырақтар ауданы 10-20%-дан аспайдды.
3 категория: А) топырақ жамылғысы біркелкі емес, әртүрлі топырақ түзуші жыныстардан тұратын жер бедері толқынды бөлшектенген далалы және орманды далалы территориялар;
Б) топырақ алалығы немесе топырақтың эрозиялану аумағы 20-40%-ға жететін 1-категорияға жататын жерлер;
В) топырақ алалығы немесе топырақтың эрозиялану аумағы 20-40%-ға жететін 2-категорияға жататын жерлер.
Г) екіншілік сортаңдану немесе батпақтану белгісі жоқ суармалы немесе құрғатылған жерлер.