ПАА тізбегінің буындарын біраз шамада катиондық топтары бар тізбекті енгізу
арқылы
модификациялау жолымен ПАА негізіндегі катиондық ПЭ алуға болады.
сол сияқты ионсыз полимерлерді, яғни полиэтиленоксид, поливинил спиртін де
модификациялап, катиондық флокулянттарды алуға болады.
Мысалға, КФ-4 пен КФ-6 флокулянттары Манних реакциясы бойынша
формагельдегидпен және диметил амидпен өңдегенде макромолекуласында
30% катиондық буындары бар флокулянт алынады.
Бұл флокулянт үшіншілік амин топтары бар флокулянтқа жатады деп есептеуге
болады, бірақ бұл түрде алынған қосылыс өте тұрақсыз. Сондықтан оны күшті
Қышқылдармен немесе алкилдеуші агентпен бейтараптау арқылы тұзды
Қосылысқа ауыстырады. Бұл жоғарыда жазылған ПЭ қарағанда өте жақсы
флокуляциялаушы қасиетке ие және теріс зарядты дисперсияларға флокулянт болып
табылады..