Комплексономертиялық титрлеу. Дәріс № 6

Содержание

Слайд 2

Бұл әдіс клиникалық және тазалық гигиеналық зертханаларда ас тағамдарда, ішетін және

Бұл әдіс клиникалық және тазалық гигиеналық зертханаларда ас тағамдарда, ішетін және

қалдық сулардың құрамында металдардың катиондарын және кейбір аниондарды анықтауда кеңінен қолданады.
Слайд 3

Комплексонометриялық титрлеу әдісі анықталатын иондардың кейбір органикалық қосылыстарымен комплекс түзу реакцияларына

Комплексонометриялық титрлеу әдісі анықталатын иондардың кейбір органикалық қосылыстарымен комплекс түзу реакцияларына

негізделген.
Кейде комплекстің орнына хелаттар түзіледі, сондықтан бұл әдісті хелатометрия деп те атайды.
Слайд 4

ТЕМІРДІҢ ХЕЛАТЫ

ТЕМІРДІҢ ХЕЛАТЫ

Слайд 5

Комплекс түзуші органикалық қосылыстарды – комплексондар деп атайды. Комплексондар аминополикарбон қышқылдарының

Комплекс түзуші органикалық қосылыстарды – комплексондар деп атайды. Комплексондар аминополикарбон қышқылдарының

туындылары болып табылады. Комплексонометриялық титрлеуде үш түрлі комплексон қолданады:
Комплексон I – нитрилүшсірке қышқылы
Слайд 6

Комплекон II – этилендиаминтетрасірке қышқылы (ЭДТУ)

Комплекон II – этилендиаминтетрасірке қышқылы (ЭДТУ)

Слайд 7

Комплексон III – этилендиаминтетрасірке қышқылының динатрий тұзы (ЭДТА, Трилон Б)

Комплексон III – этилендиаминтетрасірке қышқылының динатрий тұзы (ЭДТА, Трилон Б)


Слайд 8

Комплексонометриялық титрлеуді күшті сілтілік ортада (pH>9) жүргізеді, ол үшін сілтінің концентрлі

Комплексонометриялық титрлеуді күшті сілтілік ортада (pH>9) жүргізеді, ол үшін сілтінің концентрлі

ерітіндісі не негіздік буферлік ерітінділер қолданады, мысалы аммиакатты буфер жүйесі.
Комплексонометрия әдісімен тек металл катиондары анықталады:
жер-сілтілік (Ме2+) және ауыспалы металдардың катиондары.
Слайд 9

Ең жиі қолданатын комплексон-3 Трилон Б. Ол көптеген металл катиондарымен ішкі

Ең жиі қолданатын комплексон-3 Трилон Б. Ол көптеген металл катиондарымен ішкі

комплексті қосылыстарды (хелаттарды) түзеді:

Барлық жағдайда зарядқа қарамастан металл катиондары трилон Б-нің тек бір анионымен әрекеттесіп, оның құрамындағы сірке қышқылының екі сутегі катиондарын ығыстырып шығарады. Сонда титрантпен зерттелетін катионның эквиваленттері олардың мольдік массаларына тең болады.