Слайд 3
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: А) Оқушылармен амандасу, түгендеу;
Б) Сыныпты екі
топшаға бөлу, әр топтың топ басшысын, топ атын және спикерлерді тағайындаймыз.
ІІ. Өткенді қайталау. (сұрақ – жауап ретінде)
ІІІ. «Келісу-келіспеу» ойыны. (Топтық жұмыс)
Ал, балалар, енді осы уақытқа дейін алған білімдеріңді тексерейік.
Ойын шарты: алдымен бір топқа сұрақ қойылады, топ айтылған тұжырымға келіссе - «келісеміз» таяқшасын көтереді, керісінше, «келіспейміз» таяқшасын көтереді. Жауап алынған соң, сұрақ екінші топқа қойылады.
Сұрақтар:
Paint - ол мәтіндік редактор. (келіспеймін, графиктік)
Paint графикалық редакторының файл типі, яғни, кеңейтілімі - .bmp (келісемін)
Paint графикалық редакторы стандартты бағдарламаға жатпайды. (келіспеймін, жатады)
Paint графикалық редакторында 14 құрал бар. (келіспеймін, 16 құрал)
Түстер палитрасының көмегімен екі түрлі түсті таңдауға болады. (келісемін, негізгі, қосымша).
Бүріккіш құралымен жабық геометриялық фигура бірден боялады. (келіспеймін)
Shift пернесін басып тұрып эллипсті салсақ тек шеңбер пайда болады. (келісемін)