Слайд 8
ӨТ ҚҰРАМЫ
Өттің негізгі үлесін су алады. 98%. Қалған 2% өт
пигменттерінен, өт қышқылдарынан,витаминдарден, аминқышқылдар, глюкокортикоидтар түзілген құрғақ қалдық алады. Сонымен қоса өт құрамына органикалық емес заттар (натрий, калий, кальций, темір, хлор ) енеді. Өттің өзіндік салмағы 1,01, судың тығыздығынан біршама асып түседі, бауырмен бөлінген өттің рН 7,5-8,0-ге сәйкес келеді (әлсіз сілтілі реакция береді). Бірқатар уақыт өт қабында жатқан өттің рН – 6,0-7,0-ге сәйкес келеді ( әлсіз қышқыл реакция береді). Бауырлық өт өт жолдарын қамтып, өт қабына түскеннен кейін өз қасиеттерін өзгертеді. Өт қабының шырышты қабатының эпителий жасушалары құрамынан Na+ белсенді тасымалын жүзеге асырып, Сl, HCO3 аниондарының, судың реабсорбциясының себебі болады. Бұл өт қабының өтінің қоюлануына және рН төмендеуіне әкеледі (7,3 – 8,0-тен 6,5-ке дейін.)