8 срс молекулярка

Содержание

Слайд 2

Жоспар: Кiр Кіріспе бөлім Негізгі бөлім 1. Гаметогенез этаптарына қысқаша шолу

Жоспар:

Кiр
Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім
1. Гаметогенез этаптарына қысқаша шолу
2. Овогенез кезеңдері және құрылысы
3.

Сперматогенез кезеңдері және құрылысы
Қорытынды бөлім
Слайд 3

КІРІСПЕ Тірі ағзалардың негізгі белгілерінің бірі – олардың көбеюге қабілеттілігі. Осы

КІРІСПЕ

Тірі ағзалардың негізгі белгілерінің бірі – олардың көбеюге қабілеттілігі. Осы қасиеттің

арқасында миллиардтаған жылдар бойына жер бетінде тіршілік байқалып келеді.Ағзалардың көбею қасиеті тіршіліктің дискреттілігімен тікелей байланысты.Тірі ағзалардың тіршілік етуі оның дараларының үздіксіз көбеюінің нәтижесінде ғана байқалады.Көбею жынысты және жыныссыз болып екіге бөлінеді.Жынысты көбеюге аталық жыныс жасушасы,сперматазоид, және аналық жыныс жасушасы,овоцит, тікелей қатысады.Екі гамета ұрықтануға қатыспас бұрын,жетілуі қажет.Жыныс жасушаларының жетілу процессін гаметогенез дейміз.
Слайд 4

Гаметогенез – бұл жасушаларының түзілуі. Жыныс жасушаларының барлығын гамета деп атайды.Жыныс

Гаметогенез – бұл жасушаларының түзілуі. Жыныс жасушаларының барлығын гамета деп атайды.Жыныс

жасушалары гаплоидты хромосома жиынтығынан тұрады. Гаметогенез - сперматогенез (аталық жыныс жасушасының дамуы) және овогенез (аналық жыныс жасушасының дамуы) болып бөлінеді.

Гаметогенез.Сперматогенез.Овогенез.

Слайд 5

Гаметогенез этаптарына қысқаша шолу Гаметалар түзілетін диплоидты жасушаларды сперматогониялар мен овогониялар

Гаметогенез этаптарына қысқаша шолу 

Гаметалар түзілетін диплоидты жасушаларды сперматогониялар мен овогониялар

деп атайды.
Көбею кезеңінде жасушалар митоздық бөліну реттілігін жүзеге асырады, нәтижесінде, олардың саны айтарлықтай өседі.
Өсу кезеңінде жасушалардың көлемі ұлғаяды және аталық пен аналық жыныс жасушалары 1-реттік сперматоциттер мен овоциттерге айналады.
Жыныстық пісіп-жетілуде кезектесіп жүретін бөлінудің маңызды 2 түрі бар: редукциялық (мейоздың бірінші бөлінуінде хромосома саны екі есе азаяды) және эквациялық (мейоздың екінші бөлінуі жыныс жасушаларының пайда болуымен аяқталады).
Спермотогенез процесі қалыптасу кезеңімен немесе спермиогенезбен аяқталады.
Слайд 6

Сперматогенез және овогенез

Сперматогенез және овогенез

Слайд 7

Негізінен, жылжымалы, көлемі орташа болады. Олардың негізгі қызметі – хромосома жиынтығын жұмыртқа жасушасына жеткізу. Сперматогенез

Негізінен, жылжымалы, көлемі орташа болады. Олардың негізгі қызметі – хромосома жиынтығын

жұмыртқа жасушасына жеткізу.
Сперматогенез
Слайд 8

Слайд 9

Аталық жыныс жасушасы Сперматозоид (грек. Sperma, spermatos – ұрық, zoon –

Аталық жыныс жасушасы

Сперматозоид (грек. Sperma, spermatos – ұрық, zoon – тіршілік иесі

және eіdos – түр) – адамның, жануарлар мен көптеген өсімдіктердің жетілген гаплоидты аталық жыныс клеткасы. 
Спермий – спермий басынан, мойнынан және құйрығынан тұрады. Басының көп бөлігін ядро (хромосомалардың гаплоидты жиынтығы) алып жатады. Спермий мойынын центриольдер құрайды. Ал құйрық бөлігіндегі цитоплазмада спиральды жіп және қуат көзінің қоры (гликоген, май тамшылары) орналасады.
Слайд 10

Слайд 11

Сперматогенез ядро митохондрия Плазмалық мембрана акросома басы денесі құйрығы

Сперматогенез

ядро

митохондрия

Плазмалық мембрана

акросома

басы

денесі

құйрығы

Слайд 12

Сперматогенез төрт аймакка бөлінеді: көбею, өсу, пісіп-жетілу жөне қалыптасу немесе сперматозоидтердің

Сперматогенез төрт аймакка бөлінеді: көбею, өсу, пісіп-жетілу жөне қалыптасу немесе сперматозоидтердің

пайда болуы.
Көбею кезеңінде жас жыныс клеткалары үздіксіз митоздық бөліну арқылы көбейіп, сперматогониялар (алғашқы аталық жыныс жасушалары) түзіледі.
Өсу кезеңінде сперматогониялар келесі кезеңдердегі бөліну процестеріне қажетті заттармен (ДНҚ, протеиндермен) қорланып, үлкейіп өседі де, біріншілік сперматоциттерге айналады.
Жетілу кезеңі жыныс жасушаларының қатарынан екі рет бөлінуімен ерекшеленеді.
Қалыптасу кезеңінде сперматидалардан сперматозоидтар түзіледі. Әрбір біріншілік сперматоциттен төрт сперматозоид жетіледі.
Слайд 13

Слайд 14

Сперматогенез

Сперматогенез

Слайд 15

Аналық жыныс жасушасының пайда болу мен жетілу процесі. Жұмыртқа жасушаларының пішіні


Аналық жыныс жасушасының пайда болу мен
жетілу процесі. Жұмыртқа жасушаларының пішіні

шар
тәрізді сперматозоидтерге қарағанда көлемі үлкен
болып келеді.Олар өте жай қозғалады немесе
қозғалмайды.Жұмыртқа жасушаларының ерекшелігі –
олардың құрамында сары уыз болатындығынды.
Жұмыртқа жасушасының ядросы сары уыздан бөлек
жасушаның ортасында орналасады.Сары уыз ұрықтың
даму кезеңіндегі қорекке қажетті материал.

Овогенез

Слайд 16

Овогенез көбею, өсу және жетілу кезеңдерінен тұрады. Көбею кезеңінде сарыуыз қапшығы

Овогенез көбею, өсу және жетілу кезеңдерінен тұрады.
Көбею кезеңінде сарыуыз қапшығы

энтодермасынан аналық жыныс безі бастамасына қан арқылы келіп орналасқан алғашқы жас жыныс жасушалары — гоноциттер митоз арқылы көбейіп, овогонияларға айналады.
Өсу аймағына өткен жыныс жасушалары тез өсіп, әрбір жануарлар түрінің жыныс жасушаларына тән мөлшерге келеді.
Жетілу аймағында бірінен соң бірі екі рет бөлінудің нәтижесінде цитоплазмасы мол үлкен овоцит жасушасы жөне үш бағыттаушы денешік түзіледі.
Соңынан гаплоидті хромосома жиынтығы бар бағыттаушы денешіктер жойылып, ұрықтануға гаплоидті хромосома жиынтығы бар жұмыртқа жасушасы қатысады
Слайд 17

Аналық тұқым жасушасы Аналық жыныс жасушасы (ovocytus; лат. ovum — жүмыртқа;

Аналық тұқым жасушасы

Аналық жыныс жасушасы (ovocytus; лат. ovum — жүмыртқа; гр. kytos - жасуша) — ядросында хромосомалардың жекеленген жиынтығы болатын, пісіп

жетілген ұрғашы жануарлардың жыныс жасушасы.
Сүтқоректілер аналық жыныс жасушасын сыртынан біріншілік қабықша — плазмолемма (сарыуыз қабықшасы) және оның сыртыңдағы екіншілік - фолликулалы қабықша (аналық жыныс безі — жұмыртқалық жасушаларының туындысы) қаптайды. Бұлардың аралығында мөлдір аймақ болады.
Цитоплазмасында ұрықтың дамып жетілуіне керекті қоректік заттар — сарыуыз қорланады.
Слайд 18

Жұмыртқа жасушасының құрылысы ядро митохондрия Кортикалды түйіршіктер Плазмалық мембрана Витилиндік мембрана-сүтқоректі еместерде, zona pelicula-сүтқоректілерде

Жұмыртқа жасушасының құрылысы

ядро

митохондрия

Кортикалды түйіршіктер

Плазмалық мембрана

Витилиндік мембрана-сүтқоректі еместерде, zona pelicula-сүтқоректілерде

Слайд 19

Слайд 20

Овогенез кезеңдері Овогоний береді Бірінші қатардағы овоцит Бірінші полярлы денешік Екінші полярлы денешік

Овогенез кезеңдері

Овогоний береді
Бірінші қатардағы овоцит
Бірінші полярлы денешік
Екінші полярлы денешік

Слайд 21

Овуляция

Овуляция

Слайд 22

Ооциттің өсуі Біріншілік фоликулла Пісіп-жетілуші фолликула

Ооциттің өсуі

Біріншілік фоликулла

Пісіп-жетілуші фолликула

Слайд 23

Фолликула құрылысы фолликула Ооцит Фолликулалық жасушалар (тестестеронды эстрадиолға ауыстырады)‏ Базальдық мембрана

Фолликула құрылысы

фолликула

Ооцит
Фолликулалық жасушалар (тестестеронды эстрадиолға ауыстырады)‏
Базальдық мембрана
Тестестеронды холестериннен синтездеуші

Фолликулалық жасушалар

Полость
Слайд 24

Овогенез бен сперматогенезді салыстыру

Овогенез бен сперматогенезді салыстыру

Слайд 25

Ұрықтану Ұрықтану – жұмыртқа жасушасы мен сперматозоидтың қосылу процесі. Олардың ядролары

Ұрықтану

Ұрықтану – жұмыртқа жасушасы мен сперматозоидтың қосылу процесі. Олардың ядролары бірігіп,

диплоидті зигота түзіліп, одан жаңа организм дамиды. Сперматозоид пен жұмыртқа жасушасының ядросында хромосома жиынтығы гаплоидты болады.
Слайд 26

Толық пісіп жетілген жұмыртқа жасуша қабықшамен қапталады және оның сперматозоид енетін

Толық пісіп жетілген жұмыртқа жасуша қабықшамен қапталады және оның сперматозоид енетін

кішкене тесігі болады. Ұрықтану кезінде жұмыртқа жасушасы мен сперматозоид қосылып зигота түзеді.Зиготаның ядросында барлық хромосомалар қайта жұптасады: гомологиялық хромосоманың әр жұбында бір хромосома – аталық, ал екіншісі – аналық. Соған байланысты организмдердің әрбір түрінің соматикалық жасушасына тән диплоидты хромосома жиынтығы тек ұрықтану кезінде ғана қалпына келеді. Ұрықтану аяқталған соң ДНҚ синтезі жүріп, хромосомалар екі еселенеді және митоз жолымен жүзеге асатын зигота ядросының бірінші бөлінуі басталып, жаңа организмнің даму бастамасын береді.
Слайд 27

Слайд 28

Ұрықтанудың генетикалық маңызы: 1.Ұрықтанудың нәтижесінде генетикалық материал жаңарады. 2.Ұрықтану кезінде әр

Ұрықтанудың генетикалық маңызы:
1.Ұрықтанудың нәтижесінде генетикалық материал жаңарады.
2.Ұрықтану кезінде әр түрге тән

хромосомалардың диплоидті жиынтығы қалпына келеді.
3.Ұрықтанудың негізінде сперматозоид жұмыртқа жасушасында жоқ центриолбді алып келеді.
5. Жұмыртқа жасушасы болашақ ұрпақтың дамуына ядролық материалдан басқа, цитоплазмалық та материал береді.
Слайд 29

Екі жыныс жасушасы толық пісіп-жетілген соң ұрықтану процессі жүзеге асырылуына қабілетті

Екі жыныс жасушасы толық пісіп-жетілген соң ұрықтану процессі жүзеге асырылуына қабілетті

болады.Гаметогенез процессінің биологиялық маңызы зор.Себебі жыныс жасушасы болмаса зигота түзілмейді,организм көбеймейді. Көбею белгілі бір организм түрінің ұрпақ алмастыруын жүзеге асырумен қатар ұрпақтар арасындағы сабақтастықты, жалпы тіршіліктің үздіксіздігін қамтамасыз етеді.Көбею нәтижесінде ата-анасынан айнымайтын ұрпақ дүниеге келеді.Бірақ ата-аналарының қасиеттерін алғанменен,ұрпақта ата-аналарынан өзгешелейтін қасиеттер пайда болады.Бұл өзгергіштік деп аталады.Қорыта келсек,көбею процесі жүрмей,тірі организмдердің дамуы тоқталады.

ҚОРЫТЫНДЫ