Слайд 13
![Организмге тигізетін әсеріне байланысты барлық мамандықтарды шартты түрде 4 топқа бөлуге](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/1424978/slide-12.jpg)
Организмге тигізетін әсеріне байланысты барлық мамандықтарды шартты түрде 4 топқа бөлуге
болады:
1 топ - (ең көп таралған) ауыр жұмыс жағдайлары, қолайсыз факторлары жоқ мамандықтар. Оларға: кеңсе жұмыстары, халыққа қызмет ету саласы, прибор (аспаптар) құрастыру объектілері, электрлі-есептегіш машиналармен жұмыс, сағат жөндеу т.б. Бұл топтағы мамандықтарға медициналық қарсы көрсеткіштер қойылмайтындықтан, оларды денсаулығында және дене бітімінде, психикалық дамуында ауытқулары бар жасөспірімдерге ұсынуға болады.
2 топ - қолайсыз өндіріс факторлары орташа және уақытша әсер ететін мамандықтар. Мысалы, аспазшылардың жұмысы жоғары температура мен жоғары ылғалдылықтың әсер етуіне байланысты болады. Мұнда, көп мөлшерде тер бөлінуі, артериялық қан қысымының төмендеуі, тамыр соғуының жиілеуі (кейбір жағдайларда 1 мин. 140 ретке дейін) байқалады, яғни, тыныс алу, жүрек, қан-тамыр жүйелеріне жоғары талаптар қойылады. Сондықтан, организмінің осындай негізгі функцияларында ауытқулары бар жасөспірімдерге мұндай мамандықты ұсынуға болмайды.