Слайд 8
![Қазіргі заманда ИБП- ның бес топ түрі бар: 1) тірі, не](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/501294/slide-7.jpg)
Қазіргі заманда ИБП- ның бес топ түрі бар:
1) тірі, не
өлі микробтардан (бактерия, вирус, саңырауқұлақтар), немесе олардың құрамдық заттарынан алынған арнайы профилактика және емдеу үшін қолданылатын препараттар. Олардың қатарына тірі және инактивацияланған корпускілді, субжасушалық вакциналар, анатоксиндер, бактериофактар, пробиотиктер жатады;
2) спецификалық антиденелерге негізделген ИБП-лар. Олардың қатарына иммунды глобулиндер, иммундысарысулар, иммудытоксиндер, фермент - антиденелер (абзимдер), рецепторлы антиденелер, мини – антиденелер кіреді;
3) жұқпалы, жұқпайтын аурулардың иммундытапшылықтарын иммундыкоррекциялау, алдын алу және емдеуі үшін қолданылатын ИБП. Оларға жататындар: эзогендік иммундымодуляторлар (адъюванттар, кейбір антибиотиктер, антиметаболиттер, гормондар) және эндогендік иммундымодуляторлар (интерлейкиндер, интерферондар, айырша бездің пептидтері, миелопептидтер т.б.);
4) адоптогендер: биологиялық кең белсенді, иммундық жүйеге әсер ету мүмкіншілігі бар өсімдіктер мен жануардан алынған, немесе тегі басқа күрделі құрылысты химиялық заттар. Женьшеннің, элеутетракоктардың басқа да өсімдіктердің сығындылары, тін лизаттары (ерітінділері), тағамға қосылатын әртүрлі биологиялық қосындылар (липидтер, полисахаридтер, витаминдер, микроэлеметтер т.б.);
5) жұқпалы, не жұқпайтын аурулардың спецификалық, не бейспецификалық диагнозын қою үшін қолданылатын диагностикалық препараттар мен жүйелер. Олардың көмегімен антиденелердір, антигендерді, ферменттерді, метаболизм заттарын, биологиялық белсенді , бөгдетекті жасушаларды тағы басқаларды анықтауға болады.