Клиникасы
Науқас дұрыс күле алмайды.Еріннің бір бұрышы төмен түседі.
Науқас дұрыс сөйлей
алмайды.Сөзі баяу,түсініксіз болады.
Зақымданған бөлігінің салдануы,қолдағы, аяқтағы әлсіздік,науқас бір мезетте екі қолының бірін көтере алмайды.
Бұл үш симптомды анықтаған кезде тез арада жедел-жәрдем шақырту керек.
Клиникалық көрінісі:
-Сойлеудің бұзылысы
-Белгісіз интенсивті бас ауру
-Қол, аяқ қозғалысының бұзылуы
-Бас айналу
-Естен тану жағдайы.
Құйылған қан миды басып, оны ісіндіреді және мидың бір бөлігі өледі. Мұндай инсульт көбінесе ауыр, күйзеліске толы күннен соң туындайды.
Кешке қарай бас жарылып кетердей қатты ауырады. Заттардың барлығы қызыл түсті болып көріне бастайды, жүрек айнып, құсады, бас ауруы күшейеді - соққының алғашқы белгісі осындай.
Сонан соң қимыл-қозғалыс, сөйлеу, сезгіштік қабілеттері бұзылады, құлақ естімеуден бастап, естен тануға, тіпті кома жағдайына дейін барады - ал бұл инсульттің өзі.
Ишемиялық
Геморрагиялық