Конференция Эндодонтиялық АСпаптар. Жүйесі. Мағынасы, күту, залалсыздандыру, жұмыс істеу ережесі

Содержание

Слайд 2

Жоспар: Кіріспе: Эндодонттық аспаптардың жүйеленуі ISO бойынша маркировкасы Негізгі бөлім: Диагностикалық

Жоспар:

Кіріспе:
Эндодонттық аспаптардың жүйеленуі
ISO бойынша маркировкасы
Негізгі бөлім:
Диагностикалық аспаптар
Түбір өзектерінің сағасын кеңейтетін

аспаптар
Түбір өзектерін өтуге арналған аспаптар
Түбір өзектерін кеңейтуге арналған аспаптар
Түбір өзегін жұмсақ тіндерден арылтатын аспаптар
Түбір өзектерін пломбылауға арналған аспаптар
Қорытынды:
Эндодонттық ем кезеңдері
Эндодонттық аспаптарды залалсыздандыру, сақтау
Слайд 3

Ұлпасы мен периодонт қабынулары бар зақымданған тістерге эндодонтиялық емдеу жүргізу кезінде

Ұлпасы мен периодонт қабынулары бар зақымданған тістерге эндодонтиялық емдеу жүргізу кезінде

эндодонтиялық аспаптардың маңызы зор.
Ол 2 мақсатты көздейді:
Түбір өзегін механикалық жолмен тазарту
Оны пломбылауға дайындау
Слайд 4


Слайд 5

Қолмен жұмыс істейтін

Қолмен жұмыс істейтін

Слайд 6

Машина көмегімен жұмыс істейтін

Машина көмегімен жұмыс істейтін

Слайд 7

Кескіш аспаптарды жасап шығару әдістері А. Аспаптың К-стилі. 1 — металл

Кескіш аспаптарды жасап шығару әдістері

А. Аспаптың К-стилі. 1 — металл дайындаманы

бұрап жасау
2 — маталл талшықтарының үздіксіздігі (толассыздығы)
В. Аспаптың Н-стилі. 3 — металл дайындаманы фрезеровкамен жасау.
4 — фрезеровкамен дайындаған кезінде металлдың бетінде металл талшықтарының үзілуі
Слайд 8

Қолданылу ерекшелігіне байланысты 6 топқа жіктеледі: Диагностикалық аспаптар Түбір өзектерінің сағасын

Қолданылу ерекшелігіне байланысты 6 топқа жіктеледі:

Диагностикалық аспаптар
Түбір өзектерінің сағасын кеңейтуге арналған

аспаптар
Түбір өзектерін өтуге арналған аспаптар
Түбір өзектерін кеңейтуге арналған аспаптар
Түбір өзегін жұмсақ тіндерден арылтатын аспаптар
Түбір өзектерін пломбылауға арналған аспаптар
Слайд 9

ЭНДОДОНТИЯЛЫҚ АСПАПТАРДЫҢ МАРКИРОВКАСЫ

ЭНДОДОНТИЯЛЫҚ АСПАПТАРДЫҢ МАРКИРОВКАСЫ

Слайд 10

Ең алғаш 1958 жылы Халықаралық стандарттау ұйымы (ІSO) ұсақ эндодонттық аспаптарды

Ең алғаш 1958 жылы Халықаралық стандарттау ұйымы (ІSO) ұсақ эндодонттық аспаптарды

белгілеуді ұсынды. Аспаптардың барлығы ISO 3630 стандартына байланысты белгіленіп (маркировка) шығарылады. Стандартта аспаптың пішіні, профилі, ұзындығы, қалыңдығы, механикалық беріктігі берілген. Сонымен қатар әрбір аспапқа тән өлшемдер түрлі түспен және типтік символдармен белгіленген.
Слайд 11

Эндодонтиялық аспаптардың 3 түрлі белгіленуі (маркировкасы) болады:

Эндодонтиялық аспаптардың 3 түрлі белгіленуі (маркировкасы) болады:

Слайд 12

Аспаптардың түстік көрсеткіші оның белгілі бір өлшемін білдіреді.

Аспаптардың түстік көрсеткіші оның белгілі бір өлшемін білдіреді.

Слайд 13

Сандық белгісі аспаптың ұшының диаметрін білдіреді. Мысалы №35 аспап, аспаптың ұшының диаметрі 0.35мм.

Сандық белгісі аспаптың ұшының диаметрін білдіреді.

Мысалы №35 аспап, аспаптың ұшының

диаметрі 0.35мм.
Слайд 14

Геометриялық белгілер аспаптың қай топқа жататынын көрсетеді.

Геометриялық белгілер аспаптың қай топқа жататынын көрсетеді.

Слайд 15

Слайд 16

ДИАГНОСТИКАЛЫҚ АСПАПТАР Түбір өзегінің бағыты мен өткізгіштігін анықтау үшін; Көптүбірлі тістерде

ДИАГНОСТИКАЛЫҚ АСПАПТАР

Түбір өзегінің бағыты мен өткізгіштігін анықтау үшін;
Көптүбірлі тістерде өзек аузын

іздеу, ашу және кеңейту жұмыстарын жүргізу үшін;
Өзек ұзындығын рентгенологиялық әдіспен зерттеу үшін;
Түбір өзектеріне дәрі- дәрмек енгізу, кептіру үшін қолданылады.
Слайд 17

Глубиномер 7 өлшемді, беті тегіс. Көлденең кесіндісі дөңгелек қырлары спираль тәрізді

Глубиномер 7 өлшемді, беті тегіс. Көлденең кесіндісі дөңгелек қырлары спираль тәрізді

орналасқан.
Миллер инесі З өлшемді, көлденең кесіндісі төртбұрыш қырлы ине.
Слайд 18

Түбір өзектерінің сағасын кеңейтуге арналған аспаптар Гейтс Глидден кеңейткіш бұрғысы; Ларго

Түбір өзектерінің сағасын кеңейтуге арналған аспаптар

Гейтс Глидден кеңейткіш бұрғысы;
Ларго
«Orifice Opener»
«Beutelrock Drill

reamer B1
«Beutelrock Reamer B2»»
Слайд 19

«Гейтс Глидден» бұрғысының көлденең қимасы 6 өлшемде шығарылады: 0,55; 0,70; 1,30;

«Гейтс Глидден» бұрғысының көлденең қимасы 6 өлшемде шығарылады:
0,55; 0,70; 1,30;

1,50 мм.
«Ларго» бұрғысы 6 өлшемде шығарылады: 0,70; 0,90; 1,10; 1,30; 1,50; 1,70 мм
ұзындығы 15-19 мм
«Orifice Opener» (түбір өзегінің сағасын кеңейткіш) – төрт бұрышты, жұмысшы бөлігі ұшына қарай тарылады.
«Orifice Opener МВ» - жұмысшы бөлігі оқ тәрізді, алмаз ұнтақпен көмкерілген.
Слайд 20

«Beutelrock Drill reamer B1» машинаға арналған аспап, өткір емес, бор тәрізді.

«Beutelrock Drill reamer B1» машинаға арналған аспап, өткір емес, бор тәрізді.

Жұмысшы бөлігі жалын тәрізді, ұзындығы 11 мм, ұшына қарай тартылған 4 кескіш қыры бар.
«Beutelrock Reamer B2» жұмысшы бөлігі цилиндр тәрізді, 2 кесу қыры бар. Өте өткір, агрессивті аспап. Тек түзу сауыттық және түбір өзегінің ортаңғы бөлігін өңдеуге қолданады.
Слайд 21

Слайд 22

Түбір өзекті өтуге арналған аспаптар Түбір өзектерін өтуге арналған аспаптардың жалпы

Түбір өзекті өтуге арналған аспаптар

Түбір өзектерін өтуге арналған аспаптардың жалпы аты

– РИМЕР.
Римерлер металл проволканы бұрау технологиясымен жасалады.
Көлденең кесіндісі үшбұрыш және төртбұрыш болуы мүмкін
Римермен жұмыс істегенде сағат тілі бағытымен ½-1/4 бұрауға болады, тек аспаптың мөлшерінің ретін сақтап отыру керек.
Слайд 23

А) K Reamer - өте иілгіш болып келеді және аспапты түбір

А) K Reamer - өте иілгіш болып келеді және аспапты түбір өзегінен шығарар кезде

жұмыс істейтін өткір кесу қырлары бар. Көлденең кесіндісі төртбұрышты.
Б) K Flexoreamer –K Reamer –мен сылыстырғанда иілгіштігі жоғары, себебі спираль қадамы кішірейген және көлденең кесіндісі ұшбұрыш. Қисық түбір өзекті өтуде қолданылады.
В) K Reamer Farside –қысқа және жіңішке түбір өзекті өтуде қолданылады. Басқа римерлермен салыстырғанда иілгіштігі төмен және қысқа.
Слайд 24

Түбір өзекті кеңейтуге арналған аспаптар Түбір өзектерін кеңейтуге арналған аспаптардың жалпы

Түбір өзекті кеңейтуге арналған аспаптар

Түбір өзектерін кеңейтуге арналған аспаптардың жалпы аты

– К ФАЙЛДАР.
Файлдар металл проволканы бұрау технологиясымен жасалады.
Көлденең кесіндісі үшбұрыш және төртбұрыш болады.
Файлдармен жұмыс істегенде сағат тілі бағытымен бұрап, айналдыруға болады, қайталамалы салып-шығару қимылымен жасауға болады, тек аспаптың мөлшерінің ретін сақтап отыру керек.
Слайд 25

К-файлдардың түрлері K-flexofile – өте майысқақ аспап, иілген өзектерді кеңейтуге арналған;

К-файлдардың түрлері

K-flexofile – өте майысқақ аспап, иілген өзектерді кеңейтуге арналған;
K-file nitiflex

– никель-титаннан жасалған аспап, мықты, иілгіш, қисық өзектерді өтуге арналған. Қауіпсіздік мақсатында аспаптың ұшы үшкір емес.
Слайд 26

H File - спираль тәрізді металлды фрезеровка жолымен жасайды. Стержньға 60°

H File - спираль тәрізді металлды фрезеровка жолымен жасайды. Стержньға 60° жасап

орналасқан өткір кесу қырлары бар. Түбір өзекте бұрауға болмайды, тек қана жоғары-төмен бағытта жұмыс істеуге болады

Hedstroem file (Н-файл)

Слайд 27

Safety – негізінен бұл бір жаны тегіс H file. Бұндай құрылым

 Safety – негізінен бұл бір жаны тегіс H file. Бұндай құрылым қисық каналдарды

перфорация жасамай кеңейтуге мүмкіндік береді.
Ergo File – бұл H-File-дың никель-титан модификациясы, ұшы үшкір емес.
A File -  алдыңғы екеуі сияқты H-File-дың модификациясы, айырмашылығы өткір. Қисайған каналдарды өтуге арналған.
Слайд 28

Джи-Ти файлдар Профайлдар Протейперлер

Джи-Ти файлдар

Профайлдар

Протейперлер

Слайд 29

Түбір өзектен ыдыранды ұлпаны алуға арналған аспап Ұлпаалғыш-конус тәрізді сапта спираль

Түбір өзектен ыдыранды ұлпаны алуға арналған аспап

Ұлпаалғыш-конус тәрізді сапта спираль тәрізді

40 тісше орналасқан. Олардың көлемі саптың диаметрінің жартысына тең. Ұлпаалғыш тісшелерінің бағыты қиғаш және аздап жылжымалы болып келеді. Өзекке енгізгенде олар конустық сапқа жабысып , оның тереңге енуін жеңілдетеді. Өзектен шығарғанда тісшелер ұлпаны қоса ала шығады. Ұлпаалғыштың ұшы доғал болғандықтан өзектің анатомиялық жолымен кедергісіз жүреді. Ұлпаалғышты қабырғаны бойлай толық енгізгеннен кейін сағат тілі бағытымен бір айналым жасап, ұлпаны өзектен алып шығады. Ұлпаалғыштарды дайындау үшін өте серпімді болат қолданылады.
Слайд 30

Слайд 31

Түбір өзекті пломбылауға арналған аспаптар Өзектолтырғыш-лентуло- жұмысшы бөлігі спираль тәрізді конус

Түбір өзекті пломбылауға арналған аспаптар

Өзектолтырғыш-лентуло- жұмысшы бөлігі спираль тәрізді конус

пішінді. Лентулоның негізінде аспапты сынудан сақтайтын өте жиі орналасқан иірімдер . Иірімдер аспаптың иілгіштік, серпімділік қасиетін арттырады. Өзектолтырғыштың конус тәріздес болып келуі ауа көпіршіктерін спиральдың ортаңғы бөлігінен сыртқа шығуына жағдай туғызады. Лентулоның мөлшері, өзекті өңдеген соңғы аспаптан бір өлшемге кем болғаны дұрыс. Ол өзектің ауамен тығындалып қалмауын, өзектолтырғыштың жеңіл жылжуын қамтамасыз етеді. Бормашинаның оңтайлы айналу жылдамдығы 100-200 айналым минутына.
Слайд 32

Плаггер – қолмен істеуге арналған аспап. Өзекке енгізілген штифтті тігінен нығыздау

Плаггер – қолмен істеуге арналған аспап. Өзекке енгізілген штифтті тігінен нығыздау

үшін қолданылады.
Спредер – қолмен ұстайтын аспап, түбір өзегін гуттаперча штифтімен пломбылау кезінде бүйірден нығыздау үшін қолданылады. Пішіні плаггерге ұқсас, тек ұшы үшкірлеу.
Слайд 33

Конденсор – өзекке енгізілген гуттаперча штифтті конденсациялауға арналған аспап. Бұрыштық ұштықтың

Конденсор – өзекке енгізілген гуттаперча штифтті конденсациялауға арналған аспап. Бұрыштық ұштықтың

көмегімен айналады, жұмысшы бөлігінде спираль тәрізді кесіктер бар.
Слайд 34

Ұлпа қабынуы(Пульпит) Ұлпа қабынуы дегеніміз— тіс ұлпасының қабынуымен көрінетін тісжегінің асқынуы.

Ұлпа қабынуы(Пульпит)

Ұлпа қабынуы дегеніміз— тіс ұлпасының қабынуымен көрінетін тісжегінің асқынуы.

Слайд 35

Периодонт қабынуы(Периодонтит) Периодонт қабынуы дегеніміз – тіс түбірін қоршап жатқан тіндердің қабынуы.

Периодонт қабынуы(Периодонтит)

Периодонт қабынуы дегеніміз – тіс түбірін қоршап жатқан тіндердің

қабынуы.
Слайд 36

Эндодонттық ем кезеңдері: Науқасты қарап-тексеру Диагноз қою.емнің жоспарын құру. Жансыздандыру Тісжегі

Эндодонттық ем кезеңдері:

Науқасты қарап-тексеру
Диагноз қою.емнің жоспарын құру.
Жансыздандыру
Тісжегі қуысын егеп-тазалау
Сауыт ұлпасын

алу
Түбір өзектерін табу және кеңейту
Түбір ұлпасын алу
Жұмысшы ұзындығын анықтау
Түбір өзегін медикаментозды өңдеу
Түбір өзегін обтурациялау
Пломбалау сапасын рентгенологиялық бақылау
Слайд 37

Науқасты қарап-тексеру Қарап-тексеруге арналған құралдар көмегімен пальпация, перкуссия, аускультация әдістерін қолдана отырып науқасқа диагноз қоямыз

Науқасты қарап-тексеру

Қарап-тексеруге арналған құралдар көмегімен пальпация, перкуссия, аускультация әдістерін қолдана

отырып науқасқа диагноз қоямыз
Слайд 38

Жансыздандыру Терапиялық стоматологияда негізінен инфильтративті немесе өткізгіштік жансыздандырғыштар қолданылады.

Жансыздандыру

Терапиялық стоматологияда негізінен инфильтративті немесе өткізгіштік жансыздандырғыштар қолданылады.

Слайд 39

Тісжегі қуысын егеп-тазалау Эндодонттық емдеуге арналған егеп-тазалау әдістерін қолдана отырып қуысты

Тісжегі қуысын егеп-тазалау

Эндодонттық емдеуге арналған егеп-тазалау әдістерін қолдана отырып қуысты

ашамыз
Әр тістің анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты және тісжегі қуысының орналасу түріне байланысты жүргізіледі
Слайд 40

Сауыт ұлпасын алу Ол экскаватор көмегімен жүргізіледі

Сауыт ұлпасын алу

Ол экскаватор көмегімен жүргізіледі

Слайд 41

Түбір өзектерін табу және кеңейту

Түбір өзектерін табу және кеңейту

Слайд 42

Түбір ұлпасын алу Ұлпаалғыштын (пульпаэкстрактор) көмегімен жүргізіледі

Түбір ұлпасын алу

Ұлпаалғыштын (пульпаэкстрактор) көмегімен жүргізіледі

Слайд 43

Жұмысшы ұзындығын анықтау 3 әдісі бар: Рентгенологиялық 2. Апекслокатор 3.математикалық

Жұмысшы ұзындығын анықтау

3 әдісі бар:
Рентгенологиялық 2. Апекслокатор
3.математикалық

Слайд 44

Түбір өзегін медикаментозды өңдеу Антисептикалық және түбір өзегін кеңейтетін химиялық препараттар

Түбір өзегін медикаментозды өңдеу

Антисептикалық және түбір өзегін кеңейтетін химиялық препараттар қолданамыз.

Соңында құрғату міндетті түрде жүреді.
Слайд 45

Түбір өзегін обтурациялау Негізгі және маңызды этаптың бірі. Пломбалық материалдар түбір

Түбір өзегін обтурациялау

Негізгі және маңызды этаптың бірі. Пломбалық материалдар түбір

өзегінде бос қуыс қалдырмай физиологиялық тарылуға дейін толып обтурациялануы қажет
Слайд 46

Пломбалау сапасын рентгенологиялық бақылау

Пломбалау сапасын рентгенологиялық бақылау

Слайд 47

Эндодонттық аспаптарды күту, залалсыздандыру және сақтау

Эндодонттық аспаптарды күту, залалсыздандыру және сақтау

Слайд 48

Қазіргі кезде стоматологияда эндодонттық емге қажет аспаптардың әр алуан түрлері кең

Қазіргі кезде стоматологияда эндодонттық емге қажет аспаптардың әр алуан түрлері кең

қолданылады. Жалпы эндодонттық аспаптар тіс түбірлерінің өзек аузына еркін кіру, тістің жұмыс ұзындығын анықтау, түбір өзегін дайындау, түбір өзегін өңдеу, түбір өзегін пломбылау сияқты қызметтер атқарады. Эндодонттық аспаптармен жұмыс жасау барысында асептика мен антисептика мәселелерінің маңызы зор. Себебі, тіс қуысын емдеу кезінде науқас пен медициналық қызметкерлердің инфекция жұқтыру қауіпі жоғары. Сондықтан хиругиялық, операциялық, терапиялық бөлмелерде жұмыс істейтін медицина қызметкерлері қажетті ережелерді қатаң түрде сақтауы керек. Мұндай ережелерге асептика, антисептика, дезинфекция, стерилизация, утилизация жатады.
Слайд 49

Асептика - микроорганизмдердің емдеу және диагностикалық манипуляциялары кезінде жараға, тіндерге, дене

Асептика - микроорганизмдердің емдеу және диагностикалық манипуляциялары кезінде жараға, тіндерге, дене

қуыстарына түсуінің алдын алу. Асептиканың негізі стерилизация болып табылады.
Антисептика - жараларға, тіндерге түскен іріңді, анаэробты, шіру процестерін тудыратын қоздырғыштармен күресу және бактерия немесе түрлі инфекциялармен зақымдалған жараны емдеу әдісі.
Слайд 50

Дезинфекция – стоматологиялық қабылдау кезінде инфекцияның таралуын тежейтін негізгі жолдардың бірі.

Дезинфекция – стоматологиялық қабылдау кезінде инфекцияның таралуын тежейтін негізгі жолдардың бірі.

Дезинфекция стерилизация алдында жүргізіледі. Эндодонттық аспаптарды дезинфекциялаудың негізгі мақсаты ауру қоздырғыштарды, микроорганизмдерді, вирустардың майда спораларын жою. Эндодонттық аспаптарды дезинфекциялау 3% сутегі асқын тотығында немесе 10% нашатыр спиртінде жүргізіледі . Қолданылатын дезинфекциялаушы ерітінділер: “Деконекс-1”, “Деконекс-50 ФФ”, “Лизафин” және т.б.; Дезинфекция мен стерилизация алдылық тазартудан кейін утилизация жүргізіледі.
Слайд 51

Утилизация: Бір рет қолданылатын эндодонтиялық құрал-жабдықтар. Жұмыс кезінде майысқан немесе бұзылған

Утилизация:
Бір рет қолданылатын эндодонтиялық құрал-жабдықтар.
Жұмыс кезінде майысқан немесе бұзылған құрал-жабдықтар;
 Кесу қыры

майысқан немесе бұзылған құрал-жабдықтар;
 Жұмыс бөлігі бұзылған құрал-жабдықтарға жүргізіледі.
Слайд 52

Стерилизация – ауру қоздыратын патогенді және патогенді емес микроорганизмдерді, өте ұсақ


Стерилизация – ауру қоздыратын патогенді және патогенді емес микроорганизмдерді, өте ұсақ

вирустың спораларын, аэробты және анаэробты бактерияларды толығымен жою. Стерилизация эндодонтиялық аспаптардың ең негізгі және қорытындылаушы тазарту әдісі болып табылады.
Слайд 53

Стерилизация әдістері

Стерилизация әдістері

Слайд 54

 

 

Слайд 55

Стерилизаторлар

Стерилизаторлар

 

Слайд 56

Булы стерилизатор - автоклавта 2 атм. , 132 °С температурада 30

Булы стерилизатор - автоклавта 2 атм. , 132 °С температурада 30

минут жүргізіледі. Булы стерилизаторда мақта, винт, ризина, шыны және полимерлі материалдарды стерильдейміз.
Слайд 57

 

Слайд 58

Слайд 59

Қорытынды: Жалпы аспаптарда, таңу материалдарында микроағзалар мен олардың спораларын толық жою

Қорытынды:

Жалпы аспаптарда, таңу материалдарында микроағзалар мен олардың спораларын толық жою өте

маңызды болып табылады. Науқасты күту және емдеу кезінде қолданылатын кез-келген заттар толық стерилизацияланбаса басқа адамдарға медицина қызметкерлеріне ауру жұқтыра алады. Жеткіліксіз стерилизацияланған аспаптарды қолдану туберкулез, сарысу, гепатит, ЖИТС, стафилококк және басқа инфекцияларды дамыта алады.
Біздің елімізде « Медицинаға белгіленген өнімдерін дезинфекциялау және стерилизациялау тараулық стандарты бойынша дезинфекциялау мен стерилизациялаудың әдістері, дәрілері мен тәртіптері белгіленеді.