Зерттеу әдістері қандай да бір әдіснамалық талаптарға сай болады, мұндай ғылыми-психологиялық
зерттеулерге қойылатын талаптар (принцптер)келесідей:
1. Құбылыстардың сыртқы көрінісі мен олардың ішкі табиғаты арасындағы толық сәйкестікті таба білу;
2. Психикалық құбылыстарды зерттеуде психо-физиологиялық принципті негізге алу шарт, бірақ физиологиялық (биологиялық) білімдер мен факторларды көмекші құрал ретінде пайдалану қажет;
3. Психологиялық зерттеулердің, негізінен, адам әрекетін әлеуметтік-тарихи талдау нәтижесіне арқа сүйеуі;
4. Психологиялық заңдылықтарды адамның психикасы, іс-әрекеті және оларды қозғаушы күштердің үздіксіз дамуы процесінде нақтылау.