Клиникалык коріністері мен диагностикисы. Іш түйілу ауруының түрлері, жоғарыдағы топтау жобасында
көрсетілгендей, бірнешеу болғанмен олардың клиникалык, көрінісінде субъективтік және объективтік ортақ белгілерді байқауға болады.
Күңделікті хирургиялық тәжірибеміздегі байқауымызға қарағанда, әдебиет көздерінде корсетілгендей, клиникаға іш түйілумен әкеліп жеткізілген аурулар арасында, көбінесе, механикалық іш түйілу орын алады және сырқаттың бұл түрі ерекше қауіпті болып келеді. Осы себептен студент жастарға сырқаттың осы түріне толығырақ тоқтсалуды қажет деп санаймыз.
Механикалық түйілудің түрлеріне қарай аурудің белгілері әртүрлі болып бітінеді. Дегенмен, аурудын бастапқы кезендеріңде, онын түрлеріне қарамай, негізгі үш-төрт белгілерін анық байқауға болады.Олар: ауру сезімі (100% анықталады), іштің кебуі (70-80%), нәжіс пен іш желінің шығуларының қиндауы немесе мүлдем доғарылуы(80-85%) және құсу (60-65%). Механикалық іш түйілу, көбінесе,кенеттен басталады. Тек оның обтурациялық түрінде, кейбір пациенттерде, ауру белгілерінің біртіндеп дамуын байқауға болады.