Слайд 6
Сүттің амфотерлік реакциясы бар. Оның сыбағалы салмағы 1,027-1,033. Сүттің құрамында
87 процент су, ал қалған 13 процент құрғақ заттар. Оларға альбумин, глобулин мен казеиноген құнды белоктар, 3-6 процент май, лактоза қанты, калий, натрий, кальций мен магний тәрізді тұздар жатады. Уыз - дегеніміз төл туғаннан кейін 5-7 күннің ішінде бөлінетін секрет. Оның түсі – ақ сарғыш, өзіне тән иісі бар, әлсіз қышқыл реакциялары, тұздағандай дәмі бар зат. Уызда 71,6 процент су, 15-85 процент альбумин мен глобулиндер 4,83 процент казеиноген, 2,37 процент май, 1,48 процент қант, А мен С витаминдері, иммундық денелер болады. Түғанда іште болатын нәжісі айдап шығаратын магний тұздары бар.