Құлақтағы өлі бөгде зат көп жағдайда сырқы қарау кезінде байқалынады. Ересектерде
және жасөспірімдерде бөгде затты анық қарау мақсатында отоларинголог бір қолымен құлақ қалқанын жоғары және кері тартады. Кіші сәбелерде құлақ қалқанын төмен және кері тартады. Егер науқас дер кезінде көмекке жүгінбей құлақ жолында қабыну ,отит дамыса ,бөгде затты көрсетпеуі мүмкін,сол себепті бөгде затты диагностикалау отоскопия және микроотоскопия арқылы жүзеге асады..
Құлақ жолынан бөлінділер бөлінсе , олардың қоздырғышын және антибиотикке сезімталдығын анықтау үшін микроскопиясын және бактериологиялық зерттеуін жүргізеді. Егер бөгде зат құлаққа жарақат әсерінен түссе қосымша рентгенография жүргіземіз. Құлақтағы бөгде затты құлақтағы ісікпен , дабыл жарғағының перфорациясымен, гематомамен, сыртқы отитпен дифференциальді диагностика жүргіземіз.