Слайд 19
д і к тастар ақ-сарғыш түсті, ал салмағы жеңіл болады, сондықтан суға батпайды. Бұндай тастардың рентген сәулесіне деген контрастығы өте төмен. Осы себептен оларды анықтау үшін контрасты рентгенологиялық зерттеу қажет. Рентген суретінде бұндай тастар, көбінесе, өт қуығында қалқып жүреді. (“қалқымалы тастар”).
П и г м е н т т і к тастардың құрамында билирубиннің көлемі басымырақ болады, ал олардың түстері қоңыр-қара, құрылысы аморфты болып келеді.
И з в е с т і к (әкті) тастардың құрамында көмірқышқылды известь (әк) көп болғандықтан оладың түстері ақ-сұр, ал салмақтары, жоғарыда аталған тастардан, біршама ауырлау болады. Известік тастар рентгенконтрасты болады, сондықтан рентген сәулесімен зерттеудің жалпы шолу түрінде жақсы көрінеді.
Арнайы тәсілдермен (биохимиялық, спектрографиялық т.б.) зерттеу барысында өт қуығындағы кез келген тастардың құрамында аталған құрамалардың бәрі табылатыны байқалған. Ал жоғарыда аталған түрлерге бөлу тек сол құрайтын құрамалардың әрбіреуінің көлемі, басқаларына қарағанда, басым болуына негізделген. Егер олар тастардың құрамында тең немесе оған жақын көлемде кездессе, ондай тастардыар а р а л с тастар