Микробиологиялық диагноз қою. Зерттелетін заттар: қан, мұрын-жұтқыншақ шайындысы, ликвор, ұрық тіндерінен
алынған сынамалар.Вирусты бөліп алу (индикациялау): ауыспалы жасуша дақылдарына (Vего, НеІа т.б.) жұқтыру (түйіндақтар түзілуі, ЦПӘ, ГАР бойынша анықтау). Идентификациялау: БР, ГАТР, РИФ.Серологиялық диагноз қою: КБР, ГАТР, БР, ИФТ, ПТР. Ауру барысында антиденелер титрінің 4 есе және одан да жоғары көбеюі, және де ауырып тұрғанын ІgG -ді немесе жақын арада науқастанғанын көрсететін ІgМ-ді спецификалық антиденелерді анықтаудың диагностикалық маңызы бар. Осындай антиденелерді жүкті әйелдерде анықтаудың маңызы ерекше орын алады. Жаңа туылған ңәрестелердің І-жартыжылдығында вирусқа қарсы жоғарғы деңгейде спецификалық ІgМ -ді табу және II - жартыжылдығында ІgG-ді анықтау - құрсақішілік инфекциямен зардаптанғанын көрсетеді.