Слайд 7
![Тағамдық заттарға деген қажеттілік және энергия мөлшері адамның жасына, жынысына және](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/492582/slide-6.jpg)
Тағамдық заттарға деген қажеттілік және энергия мөлшері адамның жасына, жынысына және
жұмысына байланысты ұсынылады.
Жұмысқа жарамды топтар арасында физиологиялық қажеттілікті анықтау, олардың жұмысының қарқындылығына, тәуліктік энергия жұмсалуына, жұмыс барысының жүйке жүйесіне әсеріне және тб ерекшеліктеріне байланысты 5 топқа бөлді.
Негізінен ой еңбегімен айналысатын адамдар: өндіріс және кәсіпорын басшылары, медицина қызметкерлері, мұғалім, тәрбиешілер, ғылым қызметкерлері;
Жеңіл дене еңбегімен айналысатын қызметкерлер: инженерлік техникалық қызметкерлер, автоматтандырылған процестерде жұмыс істейтін қызметкерлер, агроном, тігінші, халыққа қызмет көрсету саласының қызметкерлері, бапкерлер және тб.;
Орташа ауыр жұмыс істейтіндер: слесарь, станокта жұмыс істейтін, химиктер, тамақ өнеркәсібі саласының қызметкерлері, машинистер, бригадирлер және тб.;
Ауыр дене еңбегімен айналысатын қызметкерлер: құрылысшы, ауыл шаруашылық қызметкері, механизатор, газ және мұңай өнеркәсібінің қызметкерлері, металлургтер және тб.;
Өте ауыр дене еңбегімен айналысатын қызметкерлер: тау кең қызметкерлері, шахмер, ағаш ұсталары, жүк тиеушілер және тб.