Жергілікті жансыздандырудың асқынулары

Содержание

Слайд 2

Жоспар Жергілікті асқынулар Асқынулардың негізгі белгілері Асқынулардың алдын алу Емі Қорытынды

Жоспар
Жергілікті асқынулар
Асқынулардың негізгі белгілері
Асқынулардың алдын алу
Емі
Қорытынды

Слайд 3

Жалпы асқынулар Жергілікті асқынулар Жергілікті анестезиядан кейінгі асқынулар

Жалпы асқынулар

Жергілікті асқынулар

Жергілікті анестезиядан кейінгі асқынулар

Слайд 4

Жергілікті асқынулар Иненің сынуы. Үстіңгі жақ пен төменгі жақ анестезиясының кез

Жергілікті асқынулар

Иненің сынуы. Үстіңгі жақ пен төменгі жақ анестезиясының кез келген

түрінде ине сынуы мүмкін. Ине канюляның түбінен сынады. Ол коррозияға ұшыраған, тозған инені қолданғанда немесе анестезияны инені күштеп жылжытып жасағанда сынады.
Алдын алу. Иненің бүтін жаңа екендігін тексеріп отыру, нысанаға жеткенде сыртта 1см -дей қалатындай ұзынырақ инені қолдану, анестезия техникасын дәл орындау.
Емі. Иненің орналасқан жерін дәл анықтау үшін бірнеше проекцияда рентген сүреттері түсіріледі. Ине ешқайда жылжымай, бір орында қалып, тұрған жері ауырмаса аса қауіп тудырмайды, уақыт өте келе капсулаланып қалып қояды. Олай болмаса, оны стационарда хирург операция кезінде алып тастайды.
Слайд 5

Қан тамырлары мен оның тармақтарының жаралануы. Өтпес, ұшы майысқан инелерді қолданғанда,

Қан тамырлары мен оның тармақтарының жаралануы.
Өтпес, ұшы майысқан инелерді қолданғанда, анестезия

техникасын дәл ұстамағанда болуы мүмкін. Туберал анестезиясы кезінде қанат тәрізді вена өрімдері жараланып, тез арада гематома пайда болады, ұрттың жұмсақ тіндері ісіп шыға келеді. Гематома өздігінен ыдырап тарайды немесе іріңдейді.
Алдын алу. Жақсы инелерді пайдалану, инені жылжытқанда сүйекті жағалап ине алдына анестетик жіберіп отыру. Бұл асқыну туберал анестезияда жиі кездесетіндігін ескеріп, оны толық қажеттілік туғанда ғана жасау.
Слайд 6

Емі Гематома пайда бола бастаған сәтте, ол жерді басып тұрып, қысып

Емі
Гематома пайда бола бастаған сәтте, ол жерді басып тұрып,

қысып таңып,бір тәулік бойы мұздатып ұстаған жөн. Іріңдеп кетпеуі үшін алғаш қабынуға қарсы дәрілер, кейінірек оны ыдырату үшін УЖЖ, құрғақ ыстық қолданылады. Іріңдеген гематоманы тіліп, қабынуға қарсы, десенсибилизация дәрілерін тағайындайды.
Слайд 7

Бет терісінің ишемиясы. Осы жерді қамтамасыз ететін қан тамырының тарылуынан болады,

Бет терісінің ишемиясы.
Осы жерді қамтамасыз ететін қан тамырының

тарылуынан болады, сондықтан бет терісі тез ағарып кетеді. Бірақ бұл көрініс көп ұзамайды.емнің қажеті жоқ. Инфраорбитал, ментал анестезияларында жиі кездеседі.
Нервтің жаралануы. Анестезия техникасын бұзған кезде нысанадағы нерв пен бірге оның маңындағы нервтар жаралануы мүмкін. Кейде көп мөлшердегі анестетикті жылдам енгізгенде де нерв талшықтары жарақаттанады. Мандибуляр анестезия кезінде инені шектен тыс терең бойлатып жіберсе бет нервтері анестезиясында ымдау етінің парезі пайда болады.
Алдын алу. Үшкіл нерв пен оның маңындағы нервтердің жақ пен бет топографиясын жете білу, жақсы инелерді қолданып, анестезия техникасын мүлтіксіз орындау. Дәрінің әсерінен болған парез өзінен-өзі кетеді, оған ем қажет емес.
Слайд 8

Ауа эмболиясы. Шприцте ауа қалып, оның анестетикпен бірге қантамырға түсүі. Бұл

Ауа эмболиясы. Шприцте ауа қалып, оның анестетикпен бірге қантамырға түсүі. Бұл

асқыну дәрігерің олақтығының салдары болып табылады.
Жаңылысып басқа дәрілерді (спирт, сілті, сутегінің қостотығы т.б.) қолдану. Ауыр асқынулар қатарына жатады. Бұл дәріханадан жаңылысып басқа дәрі беру немесе емханада анестетиктерді басқа дәрілермен аралас сақтау, дәрігерлердің ұқыпсыздығының салдары.
Слайд 9

Алдын алу. Анестетикті басқа дәрілерден бөтен сақтап, қолданар алдында этикетикасына назар

Алдын алу. Анестетикті басқа дәрілерден бөтен сақтап, қолданар алдында этикетикасына назар

аударып, органолептиктік тексеру(дәмә, түсі, иісі), новокаинге Лукомский сынағын жасау.
Емі. Жаңылыс жіберілген дәрінің концентрациясын төмендету үшін жедел түрде сол аймаққа 0,25 % новокаин, физиологиялық ерітіндімен блокада жасалады. Содан соң барып тілу керек.іріңдеп некроз болмауы үшін антибиотиктер қолданып, жараны гипертоник ерітіндісімен жуып,қадағалап тұрады.
Слайд 10

Бұлшықет жарақаты (жақтың қарысуы). Мандибуляр, торусальды анестезияларында кездеседі. Асқыну қанат тәрізді

Бұлшықет жарақаты (жақтың қарысуы).
Мандибуляр, торусальды анестезияларында кездеседі. Асқыну қанат тәрізді

етті өтпес немесе ұшы майысқан инемен жаралау, бұлшықетке шектен тыс көп анестетик енгізуден болады.
Клиникасы. Ауырсынып, ауыз жақсы ашылмайды.
Емі. Ауызды сода ерітіндісімен шаю, жақ астына жылу қою,контрактураны тарататын терапия, механикалық ем.
Слайд 11

Таңдайдың кілегей қабығының некрозы. Жаңылысып басқа ерітіндіер енгізумен бірге, анестетикті көп

Таңдайдың кілегей қабығының некрозы. Жаңылысып басқа ерітіндіер енгізумен бірге, анестетикті көп

мөлшерде (1,0мл-ден артық) жіберсе де (кілегей қабық сүйек қабығымен бірге сүйектен ажырап кетуі мүмкін) болады.сүйек қабығының ажырауы тіндердің қоректенуін бұзып жұмсақ таңдаймен сүйектің некрозына соқтыруы мүмкін.
Алдын алу. 0,5-0,75 мл-ден артық анестетик жібермеу, ине ұшы кілегей қабық астында болуы керек.
Слайд 12

Жұмсақ таңдай парезі. Палатинал анестезия кезінде дәріні таңдайдың үлкен тесігінен артқа

Жұмсақ таңдай парезі.
Палатинал анестезия кезінде дәріні таңдайдың үлкен

тесігінен артқа енгізгенде шектен тыс көп анестетик жібергенде пайда болады. Науқас лоқсып, құсып, жөтеліп, таңдайда бөгде зат бар сияқты сезінеді.
Алдын алу. 0,5-0,75 мл-ден артық анестетик жібермеу,анестезиятехникасын бұзбау.
Емі. Жұмсақ таңдай тілшесін, тілдің түбіне тимейтіндей етіп ауызды кере ашып, терең тыныс алу, операцияны тез аяқтау.
Слайд 13

Мұрын түбінің кілегей қабығының жаралануы. Күрек тістер анестезиясында инені 0,3-0,5 мм-ден

Мұрын түбінің кілегей қабығының жаралануы.
Күрек тістер анестезиясында инені 0,3-0,5 мм-ден

терең енгізгенде болады. Қан ағуы мүмкін.
Диплопия. Қосарланып көріну инфраорбиталды анестезия кезінде инені тереңдетіп сұғудан, көп мөлшерде анестетик жіберуден келіп шығады.
Алдын алу. Инені өзек ішінде 7-10 мм- ден артық сұғұға, 0,5-0,75 мм-ден артық анестетик жіберуге болмайды.
Слайд 14

Көз алмасының жаралануы. Инфраорбитал анестезиясы кезінде инені өзекке тым терең бойлата

Көз алмасының жаралануы. Инфраорбитал анестезиясы кезінде инені өзекке тым терең бойлата

сұққанда немесе инені өзекке емес, көз шарасының төменгі қырынан жоғары сұққанда болады.
Слайд 15

Жергілікті жансыздандырудың асқынуларының алдын алу негізгі принциптері: 1.Баланың психоэмоциональді жағдайын дұрыс

Жергілікті жансыздандырудың асқынуларының алдын алу негізгі принциптері:
1.Баланың психоэмоциональді жағдайын дұрыс бағалау.
2.Жансыздандыру

мен анестетикті дұрыс таңдау
3. Таза құралдар (инеге ерекше көңіл бөлу)
4. Инъекциялық жансыздандыруды жүргізуді өте тиянақты білу.
5. Тіндерге көңіл бөлу
6. Залалсыздандыру тәсілдеріне қатаң көңіл бөлу
7. Анестетикті жергілікті ошаққа шашу.
8. Жансыздану уақтында науқасты бақылап отыру
Слайд 16

Пайдаланылған әдебиеттер www.google.kz www.wikipedia.com Оразалин Ж.Б. “Хирургиялық стоматология”

Пайдаланылған әдебиеттер

www.google.kz
www.wikipedia.com
Оразалин Ж.Б. “Хирургиялық стоматология”