Слайд 11
![Топтастыру әдісі.Статистикалық зерттеудің екінші кезеңінде жиналған фактілер жүйеленіп есептеледі немесе жинақталады.](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/636547/slide-10.jpg)
Топтастыру әдісі.Статистикалық зерттеудің екінші кезеңінде жиналған фактілер жүйеленіп есептеледі немесе жинақталады.
Фактілер ерекшеленетін белгілер бойынша бөлінеді және ұқсастық белгілері бойынша біріктіріледі, басқаша айтқанда топтастырылады. Статистиктер топтастыру әдісінің көмегімен зерттелетін құбылыстарды аса маңызды түрлерге, ерекше топтар мен зерттелетін белгілер бойынша шағын топтарға бөледі.
Көрсеткіштерді жинақтап қорытудың көмегімен талдау әдісі. Статистикалық зерттеудің үшінші кезеңінде жинақталған материал, зерттелетін фактілердегі заңдылықтар мен байланыстардың білінуі, оларға тән сипаттамалар талданады. Осы кезеңде жинақтап қорытылған көрсеткіштер (жиынтық, қатысты және орташа шамалар, статистикалық коэфиценттер) есептеледі.
Жинақтап қорытылған көрсеткіштердің көмегімен талдау кезінде белгілер өлшенеді, біріктіріледі, салыстырмалы және орташа мөлшерлер есептеледі, белгілердің вариациясы, құбылыстардың динамикасы жинақтап бағаланады, балансты құруда, байланыстың тығыздығын сипаттайтын көрсеткіштерді есептеуде, сондай-ақ басқа да тәсілдерде индекстер қолданылады.
Осының барлығы сандық материалды неғұрлым ұтымды баяндайтын кестелік әдіспен және статистикалық деректерді көрнекі көрсету әдісімен - графикалық әдіспен толықтырады.