Слайд 6
Су тасқынының алғашқы күндерінен қалалық су тасқынына қарсы комиссия құрылып, шаралар
алынды және жауапты тұлғалар бекітілді. Селдің бетін қайтаруда тек коммуналдық қызметтер техникалары ғана емес, қала кәсіпорындары, шаруа қожалықтары, ТЖ техникалары тартылды.
Жұмыс үш ауысымда тәулік бойы жүргізілді. 253 мың текше метр қар шығарылып, 77 мың текше метр еріген қар суы сорылды, 2,5 мың тонна топырақ, 1000 тонна құмды-гравийлі қоспалар тасымалданды. Күн сайын 500 адамға дейін апат орнында жұмыс істеді. Су тасқынына қарсы жұмыстар кезінде 78 самосвал, 6 бірлік жер қазатын техника, 15 су соратын сорғы, 20 вакуумды автомобиль, 25 жүк тиегіш машина және 6 автогрейдер жұмыс істеді. Әкімдіктер, ІІД, ТЖ желілерінде тәулік бойы кезекшілік орнатылып, БАҚ тұрғындармен түсіндіру шараларын жүргізді.