Асептика ережелері. Фармацевтік өндірістегі дезинфекциялық шаралар

Содержание

Слайд 2

АСЕПТИКА ТУРАЛЫ ТҮСІНІК Жараға микробтардың түсу қаупін азайту үшін хирургия мамандығында

АСЕПТИКА ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

Жараға микробтардың түсу қаупін азайту үшін хирургия мамандығында өте

сенімді белгілі шаралар қолданылып жүр. Бұл шаралар қазіргі хирургияның негізі болып есептелетін асептика және антисептика әдістерімен іске асырылады.
• асептика
• антисептика
Слайд 3

АСЕПТИКА Асептика – манипуляциялық диагностикасында, адам ағзасының емделу барысында қоршаған ортадан

АСЕПТИКА

Асептика – манипуляциялық диагностикасында, адам ағзасының емделу барысында қоршаған ортадан микроорганиздердің

енуін ескерту, сонымен бірге зерттеу материалы микроорганизмдердің культурасымен қоректік ортасына лабораториялық зерттеу жүргізілуді ұйымдастыру жүйесі.
Асептика ғылымын ең бірінші рет неміс ғалымы Бергман 1890 жылы ұсынды. Асептикасыз хирургия жоқ. Микробтарды және олардың спораларын жоқ ету тәсілін стерилизация деп атайды. Стерилизацияның түрлері: күйдіру, қыздыру, қайнату, автоклавқа салу, химиялық тазалау арқылы жүргізіледі. Сұйық затты қысым күшімен жылытуға арналған жабық қазанды автоклав деп аталады.
Слайд 4

АНТИСЕПТИКА Антисептика деп микробтардың жарада немесе адам мүшелерінде өсіп-өнуіне кедергі жасайтын

АНТИСЕПТИКА

Антисептика деп микробтардың жарада немесе адам мүшелерінде өсіп-өнуіне кедергі жасайтын әдіс,

оларды жоюға бағытталған ем, алдын алу шараларының жиынтығы. Ағылшын хирургі Д.Листер Л.Пастердің ғылыми еңбектеріне сүйене отырып, 1867 жылы операцияға пайдаланатын құрал-саймандар, хирургтің, операция мейіркешінің қолдары және т.б. микробтан таза болуы керектігін дәлелдеп еңбек жазып шығарды. Микробтардың өсіп-өнбенуіне ол ғалым карбол қышқылын ұсынды. Сондықтан микробтардың өсуіне мүмкіншілік бермейтін химиялық заттардыантисептикалық заттар деп атайды.
Слайд 5

Бұл әдісті пайдаланған хирургтар карбол қышқылы адамның клеткаларына зиянын тигізетіндігін, науқасты

Бұл әдісті пайдаланған хирургтар карбол қышқылы адамның клеткаларына зиянын тигізетіндігін, науқасты

уландырып, кейде өлімге ұшырататындығын, ал хирургтардың және олардың көмекшілерінің уланып, тістерінен айырылатандығын анықтады. Сондықтан карбол қышқылы орнына сумела, салицил қышқылы, бор қышқылы, көмір қышқылды натрий (сода) және т.б. химиялық заттар пайдаланыла бастады. Антисептиканың әдістері: химиялық, физикалық, механикалық және биологиялық болып бөлінеді.
Слайд 6

Қазіргі асептиканың екі принципі бар: 1) жарамен жанасатын барлық заттар стерильді

Қазіргі асептиканың екі принципі бар:
1) жарамен жанасатын барлық заттар стерильді

болу керек.
2) барлық хирургиялық науқастар екі ағымғы бөлінуі тиіс: «таза» және «іріңді».
Хирургияда асептиканың қағидаларын сақтамай жұмыс жасау мүмкін емес. Науқас ағзасының ішкі ортасына ену – хирургиялық әдістердің негізгі айырмашылығы. Егер бұл жағдайда науқас ағзасына микроб еніп, инфекциялық сипатта асқынулар болатын болса, қазіргі заманда ол ятрогенді асқыну болып есептеледі
Слайд 7

Асептика – хирургияның негізгі заңы. Асептикасыз хирургияда шаралар жасау мүмкін емес.

Асептика – хирургияның негізгі заңы. Асептикасыз хирургияда шаралар жасау мүмкін емес.

Асептиканы антисептикадан бөлуге болмайды, екеуі хирургияның біріңғай комплексі болып табылады. Асептиканың қағидаларын сақтай отырып жұмыс жасау қазіргі заманның хирургия практикасындағы жетістіктердің жетістіктерінің бірі. Ал осы асептиканың ережелерін сақтамай қайбір хирургиялық манипуляцилар жасау ятрогенді, ең зор қате болып саналады.
Слайд 8

Дезинфекция (зарарсыздандыру) – қоршаған ортадағы жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын жою. Дезинфекция кезінде

Дезинфекция (зарарсыздандыру) – қоршаған ортадағы жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын жою. Дезинфекция кезінде

микроорганизмдердің вегетативті түрлері ғана жойылады. Микроорганизмдерді физикалық факторлар мен химиялық заттармен жоюға болады. Дезинфекцияның мақсаты: ЕСМ палаталарынан сыртқы ортаның объектілерінен жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын кетіру және жою. Зарарсыздандырудың екі түрі бар: профилактикалық және ошақты.
Слайд 9

Фармацевтикадағы дәрiлiк түрлердi асептикалық жағдайларда дайындау кезiнде қойылатын бірнеше санитарлық талаптарға

Фармацевтикадағы дәрiлiк түрлердi асептикалық жағдайларда дайындау кезiнде қойылатын бірнеше санитарлық талаптарға

тоқталамыз:
-Асептикалық жағдайда дәрілiк түрлердi дайындауға арналған үй-жайлардың қабырғалары майлы бояумен сырлануы немесе ашық түстi кафельдi плиткалармен қапталуы қажет, олар дөңестерсiз, карниздерсiз және жарықшақсыз болуы керек. Төбесi желiмдi немесе имульсиялық бояулармен сырланады. Едендерiне линолеум немесе релин төселiп, қиюласқан жерлерi мiндеттi түрде сваркаланады. Есiктерi мен терезелерi тығыз жабылатын, саңылаусыз және мұқият тазалау, дезинфекциялауға ыңғайлы болуы керек.  -Асептикалық блок, сүзгiлер орнатылған тарту-сорып шығару вентиляциясымен жабдықталып, ондағы ауаның кiруi сорылып шығарылудан артық болуға тиiс.
Слайд 10

Асептикалық блоктағы, дәрiхана iшілік дәрi дайындауға арналған ассистенттiк блокта дистилляциялайтын, стерильдейтiн

Асептикалық блоктағы, дәрiхана iшілік дәрi дайындауға арналған ассистенттiк блокта дистилляциялайтын, стерильдейтiн

бөлмелердегi ауаны зарарсыздандыру үшiн, үй-жайдың әр 1 м3 көлемiне 2-2,5 Вт қуаттан бөлiнетiндей есеппен, экрандалмаған бактерицидтiк лампалар орнатылып, оларды адамдар болмайтын жұмыс аралығындағы үзiлiс кезiнде, түнде немесе арнайы бөлiнген уақытта - жұмыс басталғанға дейiн бiр-екi сағатқа жағып қояды. Ашық лампалардың қосқыштары үй-жайға кiретiн тұсқа орнатылып: "Кiруге болмайды, бактерицидтiк сәуле таратқыш қосулы" немесе "Бактерицидтiк шамдар жанып тұр" деген жазулары бар жарық таблолармен тұйықталып қоюға тиiс. Экрандалмаған бактерицидтiк лампа қосылған үй-жайға ол сөндiрiлгеннен кейiн ғана, ал аталған үй-жайда ұзақ уақыт болуға экрандалмаған бактерицидтiк лампа алып тасталғаннан және үй-жай ауасы тазартылғаннан кейiн ғана рұқсат етiледi.