Слайд 13
![Ауылымыздың жергілікті тұрғыны, зейнеткер Мұқанов Қарақан ағаның айтуы бойынша жазылып алынды.](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/779940/slide-12.jpg)
Ауылымыздың жергілікті тұрғыны, зейнеткер Мұқанов Қарақан ағаның айтуы бойынша жазылып алынды.
«Төртжал».
Төртжалдың төрт тауы бар. Артында - бір тауы, алдында - бір тауы, екі жағында - екі тауы бар. Сондықтан «Төртжал» деп қойған. Оң жақтағы жалда «Найман бұлақ» деген бұлақ бар. Ол Айнабұлақтан келеді де, Қосайға құяды. Қосайдан барып Ақжарыққа құяды, содан төмен қарай ағып кете береді. Сол жақтағы жалда тоғайы бар «Қосай» деген бұлақ бар. Алдыңғы жалда, жолдың жиегінде «Бошан түлкі» деген бұлақ бар. Ол жердің түлкісі қалың болған. Қазір апан сияқты. Ол жақта мынадай аңдар мекендейді. Құстардан құр, шіл кездеседі. Табиғат байлығы мол: итмұрын, бүлдірген, арша, тобылғы өседі. Таулардың арасында шілік бар, ол жерде су ағып жатады. Қияқ шөптер өседі: жайқияқ, сиыр қияқ. Олар ұзын болып өседі. Сиыр қияқты жылқы, сиыр, қой, ешкі жейді. Ол жердің шөбі шүйгін мал өсіруге қолайлы. Қыста тауды қар баспайтындықтан, малдары шөптен қысылмай, тоқ шығады.