Танымдық психикалық процестер. Ес, зейін, ойлау

Содержание

Слайд 2

Бас ми қыртысында пайда болған сыртқы орта көрністері жоғалып кетпейтіндігі белгілі.Олар

Бас ми қыртысында пайда болған сыртқы орта көрністері жоғалып кетпейтіндігі

белгілі.Олар ұзақ уақыт сақталуға мүмкіндік беретін арнайы із қалдырып, уақыт өткен соң қажетті уақытта қайта жаңғырады. Тұлғаның өз тәжрибесін есте қалдырып,сақтап, қайта жаңғырта алуы ес процессінің мәнін құрайды. Ес адамның икемдері мен дағдыларын, білімін жетілдіруге мүмкіндік бере отырып, танымдық мүмкіндігін кеңейтеді.
Слайд 3

Ес дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс.

Ес дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып,

қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс.
Слайд 4

Естің теориялары Ассоциативті теориясы. ХҮІІ ғасырда пайда болып, ХҮІІІ-ХІХ ғғ. белсенді

Естің теориялары

Ассоциативті теориясы. ХҮІІ ғасырда пайда болып, ХҮІІІ-ХІХ ғғ. белсенді дамыды

(Г.Эббингауз, Г.Мюллер) .
Бұл теорияның мәні дүние заттары мен құбылыстарының есте қалуы мен қайта жаңғыруы бір- бірінен бөлектенген күйде емес, топталған не тізбектелген күйде жүреді.
Ұқсатық, іргелестік, қарама-қарсылықты, каузальды.
Слайд 5

Естің нейрондық теориясының мәні- есте қалдыру мидың электрлік белсенділігі арқылы жүзеге

Естің нейрондық теориясының мәні- есте қалдыру мидың электрлік белсенділігі арқылы жүзеге

асады. Физиология заңына орай нейрон жеткізген импулстер аксон арқылы бір жасушадан екісіне беріледі. Аксонның жасушамен тоғысқан жері синапс деп аталады. Синапс екі түрлі қызмет атқарады: қоздырушы және тежеуші. Қысқа мерзімді ес және ұзақ мерзімді ес қозушы және тежелуші жүйке элементтерінің бір біріне әсерінен туындайды.
Слайд 6

Биохимиялық теорияның мәні-генетикалық ақпарат ДНҚ молекулаларында шоғырланады, оны тасымалдау РНҚ молекуласымен

Биохимиялық теорияның мәні-генетикалық ақпарат ДНҚ молекулаларында шоғырланады, оны тасымалдау РНҚ молекуласымен

орындалады. ДНҚ ағзаға тән генетикалық ақпаратты өзінде сақтайтындықтан, оның өзі немесе РНҚ игерілген тәжрибені бірден бірге өткізуі мүмкін деген тұжырым жасалған.
Слайд 7

Зейін – сезім мүшелері арқылы пайда болған қандайда бір ақпаратты саналы

Зейін – сезім мүшелері арқылы пайда болған қандайда бір ақпаратты

саналы немесе бейсаналы түрде іріктеп алып қалғандарын елемеуде көрінетін психикалық процесс.
Қандай да бір затқа зейін сала қарауымыздың нәтижесінде санамыз сол затқа не құбылысқа аударылады, ал басқа ақпараттар әлсіз қабылданады.
Зейін біздің іс –әрекетімізді бақылап және қадағалап отырады.
Слайд 8

Зейін әдетте мимикадан, позадан, қозғалыстардан айқын байқалады. Бірақ кей уақыттары зейін

Зейін әдетте мимикадан, позадан, қозғалыстардан айқын байқалады. Бірақ кей уақыттары зейін

адамның санасындағы ойлар мен бейнелерге бағытталған болады- бұл –интеллектуалды зейін.
Слайд 9

Кейбір жағдайларда адам ой-әрекетін физикалық әрекеттерге бағыттайды-бұл (моторлы) қозғалыс зейіні.

Кейбір жағдайларда адам ой-әрекетін физикалық әрекеттерге бағыттайды-бұл (моторлы) қозғалыс зейіні.

Слайд 10

Зейін – адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылыс,

Зейін – адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылыс,

дәлірек айтсақ, айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған сенсорлы, интеллектуалды немесе қозғалысты белсенділігін бағыттап тұрақтата алу (Е.И.Рогов).
Слайд 11

Зейіннің негізгі физиологиялық механизімін И.П. Павловтың «Қозудың оптималдық алаңы» теориясы арқылы

Зейіннің негізгі физиологиялық механизімін И.П. Павловтың «Қозудың оптималдық алаңы» теориясы

арқылы түсіндіруге болады.
Оптималды қозуы бар алап (өзара индукция заңы) мидың басқа бөліктеріндегі тежелуді күшейтеді.
Мұндай жағдайда адамның зейіні бір жерге күшті шоғырланады да, ол қалған объектілерді байқамайтын болады.
Слайд 12

Адамдардың зейіні: ырықты, ырықсыз және үйреншікті болып бөлінеді. Ырықсыз мақсатқа тәуелсіз,

Адамдардың зейіні: ырықты, ырықсыз және үйреншікті болып бөлінеді.
Ырықсыз мақсатқа тәуелсіз,

адамның қызығушылығынан туындап отыратын зейін түрі.
Қызығу – ырықсыз зейіннің бұлағы. Қызығудың физиологиялық негізі «бұл не?» рефлексі.
Слайд 13

Ырықсыз зейінді туғызушы себептер: 1. Тітіркендіргіштердің сапасы және сипаты, оның күші

Ырықсыз зейінді туғызушы себептер:
1. Тітіркендіргіштердің сапасы және сипаты,

оның күші мен белсенділігі.
Күшті тітіркендіргіштер: қатты дыбыс, ашық түс пен жарық, күшті тербелістер, әртүрлі иістер адамның зейінін еріксіз өзіне аударады.
Тітіркендіргіштердің арасындағы қарама-қайшылықтар ғана емес тітіркену ұзақтығы да үлкен роль алады.
Слайд 14

2. Адамның ішкі қалпына сәйкес келетін сыртқы тітіркендіргіштер, яғни оның қажеттіліктері.

2. Адамның ішкі қалпына сәйкес келетін сыртқы тітіркендіргіштер, яғни оның қажеттіліктері.
3.

Тұлғаның бағыттылығы. Бағыттылық адамның өткен тәжрибелері және сезімдерімен (апперцепция) байланысты болады.
Сонымен, бізді қызықтырып, біздің
реакциямызды тудырғандардың барлығы ырықсыз зейіннің пайда болуына себеп болады екен.
Слайд 15

Ырықты зейін – саналы мақсатқа тәуелді. Ол адамның еркімен тығыз байланысып,

Ырықты зейін – саналы мақсатқа тәуелді. Ол адамның еркімен тығыз байланысып,

еңбек әрекетінің нәтижесінде (қажетсінуден) пайда болып отырады.
Адам саналы түрде өзінің
зейінін өзіне қызықсыз,
бірақ қажетті затқа
немесе құбылысқа
бағыттайды.
Слайд 16

Үйреншікті зейін - адамға табиғи сіңісіп кеткен, арнайы күш жұмсамай-ақ орындалатын

Үйреншікті зейін - адамға табиғи сіңісіп кеткен, арнайы күш жұмсамай-ақ орындалатын

зейін.
Үйреншікті зейін саналы мақсат пен қызығуларға тәуелділігінен ырықсыз зейіннен ажыратылса, еріксіз күштер қатынасынсыз жүзеге асуынан ырықты зейіннен ажыратылады.
Слайд 17

Зейіннің негізгі қасиеттері: тұрақтылығы, шоғырлануы, бөлінуі, ауысуы және көлемі. Тұрақтылығы –

Зейіннің негізгі қасиеттері:
тұрақтылығы, шоғырлануы, бөлінуі, ауысуы және көлемі.
Тұрақтылығы

– адамның зейінін бір объектіге немесе іске ұзақ уақыт тұрақтата алуы.
Зейінді бір жерге тұрақтатып, жинақтап алу арқасында адам істеп отырған ісін тереңнен түсініп, оның әртүрлі байланыстарын анықтайды.
Слайд 18

Зейіннің шоғырлануы – ми қабығындағы қозу ошағының доминанттық қызметімен тікелей байланысты.

Зейіннің шоғырлануы – ми қабығындағы қозу ошағының доминанттық қызметімен тікелей байланысты.


Зейіннің бөлінуі – адам санасының бір мезгілде бірнеше әрекетті атқара алу мүмкіншілігі. Адам зейінін екі, үш нәрсеге бөле алады.
Зейіннің ауысуы – зейіннің бір нысаннан екіншісіне саналы және байыпты өтуін білдіреді.
Ауысу –жақсы дайындалған сапа.
Слайд 19

Зейіннің көлемі– бір мезетте бір-біріне тәуелсіз қамтитын объектілерінің саны. Зейіннің көлемі

Зейіннің көлемі– бір мезетте бір-біріне тәуелсіз қамтитын объектілерінің саны. Зейіннің көлемі

оқыту немесе жаттықтыру барысында реттеуге келмейді.
Зейіннің алаңдаушылығы – бұл зейіннің бір нысаннан екінші нысанға еріксіз ауысуы.
Алаңдау ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Слайд 20

Шашыраңқылық – адамның ұзақ уақыт аралығында өз зейіні мен назарын нақты

Шашыраңқылық – адамның ұзақ уақыт аралығында өз зейіні мен назарын

нақты затқа бағыттай алмауын айтамыз.
Шашыраңқылықтың екі түрі белгілі: жалған және шын.
Слайд 21

Ойлау Түйсік пен қабылдау танымның бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір

Ойлау

Түйсік пен қабылдау танымның бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау

болмайды. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді.
Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты.
Ойлау дегеніміз – сыртқы дүние затары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.
Слайд 22

Ойлау адамның әрекетімен тығыз байланысты. Адам шындықты өзі әсер ете отырып

Ойлау адамның әрекетімен тығыз байланысты. Адам шындықты өзі әсер ете отырып

таныса, әлемді өзі өзгерте отырып таниды.
Ойлау тек қана әрекетпен немесе әрекет тек қана ойлаумен шектелмейді-әрекет ойлаудың пайда болуының алғашқы формасы.
Ойлау бізге тікелей көре алмайтын және бақылай алмайтындарымыз жайлы біліп, талдауға мүмкіндік береді.
Слайд 23

Ойлаудың физиологиялық негіздері И.П.Павловтың бірінші және екінші сигналдар жүйесі арқылы түсіндіріледі.


Ойлаудың физиологиялық негіздері И.П.Павловтың бірінші және екінші сигналдар жүйесі арқылы

түсіндіріледі. Ойлау ми қабығының күрделі анализдік-синтездік қызметінің нәтижесі, мұнда уақытша жүйке байланыстары жетекші роль атқарады.
Слайд 24

Сигнал жүйелерінің мидағы қызметі бірдей, бірінші сигнал жүйесіндегі реакциялар нақтылы құбылыстарға


Сигнал жүйелерінің мидағы қызметі бірдей, бірінші сигнал жүйесіндегі реакциялар

нақтылы құбылыстарға байланысты туса, екінші сигнал жүйесі оларды жалпылап отырады.
Слайд 25

Адамның ойы әрқашан сөз арқылы білдіріледі. Ойлаудың жоғары формасы, сөздік-логикалық ойлау.

Адамның ойы әрқашан сөз арқылы білдіріледі. Ойлаудың жоғары формасы, сөздік-логикалық

ойлау.
Сөздік-логикалық ойлау нәтижесінде адам күрделі байланыстарды, әрекеттрді бейнелеп, ұғым қалыптастырып, қортынды жасап, күрделі теориялық тапсырмаларды шешеді.
Слайд 26

Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп, дәлелдене түседі. Ойлау

Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп, дәлелдене түседі. Ойлау

мен сөйлеу бір нәрсе деп олардың арасына теңдік белгісін қою дұрыс емес.
Ой – сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғарғы формасы, сөз ойды басқа адамдарға жеткізетін құрал.
Ойдың дамуы нақтылы іс-әрекетпен шарттас болумен қатар, оның сөйлеу мәдениетін меңгере білумен де, сөз өнеріне жетілуімен де тығыз байланысты.
Слайд 27

Адамдардың ойлау әрекеті ойлау операциялары арқылы жүзеге асады: анализ және синтез, салыстыру, абстракция, жалпылау және нақтылау.

Адамдардың ойлау әрекеті ойлау операциялары арқылы жүзеге асады: анализ және синтез,

салыстыру, абстракция, жалпылау және нақтылау.
Слайд 28

Анализ дегеніміз – ой арқылы түрлі заттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын

Анализ дегеніміз – ой арқылы түрлі заттар мен құбылыстардың мәнді

жақтарын жеке бөліктерге бөлу.
Синтезде ой арқылы заттар мен құбылыстардың барлық элементтері біріктіріледі. Анализ бен синтез бір-бірімен тығыз байланысты, бірінсіз бірі болмайтын құбылыс.
Слайд 29

Анализ бен синтездің негізінде салыстыру деп аталатын ой операциясы пайда болады.

Анализ бен синтездің негізінде салыстыру деп аталатын ой операциясы пайда

болады.
Салыстыруда заттардың ұқсастық, айырмашылық қасиеттері айқындалады.
Слайд 30

Салыстыру біржақтылы (толық емес, бір белгісі бойынша) және көпжақтылы (толық, барлық

Салыстыру біржақтылы (толық емес, бір белгісі бойынша) және көпжақтылы (толық,

барлық белгілері бойынша); үстірт және терең болып бөлінеді.
Салыстырудың жоғары деңгейде дамуы- бір-бірінен күшті айырмашылығы бар немесе керсінше объектіден айырмашылықтарын табу.
Слайд 31

Абстракция деп– шындықтағы аттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін


Абстракция деп– шындықтағы аттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі

қасиеттерін басқа қасиеттерінен ойша бөліп алуды айтамыз.
Слайд 32

Нақтылау – абстракциялық ұғымды соған сәйкес келетін жеке ұғымдармен түсіндіру, яғни

Нақтылау – абстракциялық ұғымды соған сәйкес келетін жеке ұғымдармен түсіндіру, яғни

жеке заттар мен нәрселер туралы ой.
Жалпылау – біртекті заттардың, құбылыстардың ортақ қсиеттерін оймен біріктіру.
Слайд 33

Ойлаудың негізгі формалары Ұғым дегеніміз заттар мен құбылыстар туралы ой. Ұғымда

Ойлаудың негізгі формалары
Ұғым дегеніміз заттар мен құбылыстар туралы ой. Ұғымда заттардың

жалпы және негізгі қасиеттері бейнеленеді. Танымдық құбылыстардың ерекше сипатына қарай ұғым: жалқы және жалпы, тұрмыстық және ғылыми болып бөлінеді.
Слайд 34

Тұрмыстық ұғым іс- әрекет пен көрнекі бейнелік тәжрибе барысында қалыптасады. Ғылыми

Тұрмыстық ұғым іс- әрекет пен көрнекі бейнелік тәжрибе барысында қалыптасады.

Ғылыми ұғым оқу барысында қалыптасады және онда сөздік-логикалық ойлау басты орында жүреді.
Слайд 35

Пікір бұл-бір зат туралы мақұлдау не теріске шығаруда көрінетін ой формасы

Пікір бұл-бір зат туралы мақұлдау не теріске шығаруда көрінетін ой

формасы (жалпы, жеке, кесімді, жорамалды
ақаиқат және жалған).
Ой қортынды – бірнеше пікірден жаңа пікірлер шығаруға негізделген ойлаудың логикалық формасы.
Индукция, дедукция және аналогия – бұлар ой қортынды жасаушы тәсілдер.
Слайд 36

Индукция – жекеден жалпыға, ал дедукция – жалпыдан жекеге, аналогиялық -ұқсастықтары бойынша ой қортынды жасау.


Индукция – жекеден жалпыға, ал дедукция – жалпыдан жекеге,

аналогиялық -ұқсастықтары бойынша ой қортынды жасау.
Слайд 37

Ойлаудың түрлері. Көлемдік ауқымына орай- дискурсивті (кезеңдік процесс) және интуитивті (желісі

Ойлаудың түрлері.
Көлемдік ауқымына орай- дискурсивті (кезеңдік процесс) және интуитивті

(желісі қарқынды, кезеңдері нақтыланбаған);
Шешілуі қажет мәселелердің жаңалығына байланысты- шығармашыл және қайта жаңғыртушы .
Слайд 38

Шешілетін мәселелердің сипатына байланысты- теориялық және практикалық болып бөлінеді. Теориялық ойлау

Шешілетін мәселелердің сипатына байланысты- теориялық және практикалық болып бөлінеді.
Теориялық ойлау

объектілердің қасиеттері мен заңдылықтарын ашуға бағытталған.
Теориялық, интеллектуалдық ойлау тәжрибелік әрекеттердің бастауы.
Практикалық ойлау уақыт тапшылығында мақсат қоя біліп, жоспар мен жобалар құруда көрінетін ойлау түрі.