Алма Мүтәліпқызы Қыраубаева

Содержание

Слайд 2

Слайд 3

Қалғабай батырдың ұрпағы, Қыраубай батырдан тарайды. Әкесі - Мүтәліп Қыраубайұлы ақын,

Қалғабай батырдың ұрпағы, Қыраубай батырдан тарайды. Әкесі - Мүтәліп Қыраубайұлы ақын,

жыршы, палуан болған адам. Анасы - Күлжан Сүлейменқызы, Мұстафа Шоқайдың немере қарындасы. Үлкен нағашы атасы - Ысқақ молда, Құмжарған деген жерде мектеп ашып, Мұстафа Шоқайға ұстаздық еткен.
Слайд 4

1970 жылы Қазақ Ұлттық Университетінің филология факультетін, 1973 жылы аспирантураны тәмамдаған.

1970 жылы Қазақ Ұлттық Университетінің филология факультетін, 1973 жылы аспирантураны тәмамдаған. Ұстазы Бейсенбай

Кенжебаевтің себепкерлігімен ҚазҰУ-да қызметке қалады. 1974 жылы ҚазҰУ-да ассистент, 1978 жылы аға оқытушы, 1981 жылы доцент, 1998-2000 жылдары профессор болып қызмет атқарған. Ұстаздығымен қатар 1993 жылы Жандосов ауылында қазақ гуманитарлық мәдениет лицейін ашады.
Слайд 5

2000-2001 жылдары Мырзатай Жолдасбековтің шақыртуымен Астана қаласындағы Гумилев атындағы Еуразия ұлттық

2000-2001 жылдары Мырзатай Жолдасбековтің шақыртуымен Астана қаласындағы Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқытушы, профессор

және Қазақ ұлттық музыка академиясында қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған.
Слайд 6

Отбасында 3 ұл тәрбиелеген ардақты ана 2001 жылы 5 ақпанда, 53

Отбасында 3 ұл тәрбиелеген ардақты ана 2001 жылы 5 ақпанда, 53

жасында дүнеден өтеді.
Алма Қыраубаева жастайынан әдебиетке зер салып, «Қайын ата»(1969), «Ақ әже» т.б тақырыптарда әңгімелер жазып, шығармашылығы «Қазақстан әйелері» журналында жарияланып отырған.
Слайд 7

Еңбектері Ғылыми зерттеулерінің нәтижесінде «Махаббатнама» (1985), «Түркі әдебиеті» (1988), «Жаным садаға»

Еңбектері
Ғылыми зерттеулерінің нәтижесінде «Махаббатнама» (1985), «Түркі әдебиеті» (1988), «Жаным садаға» (1995),

«Шығыстық қисса дастандар» (1997) атты монографиясы, «Ғасырлар мұрасы» (1998), қазақ мектептеріне арналған «Ежелгі әдебиет» (1996) оқулығы мен жоғарғы оқу орындарына арналған «Ежелгі дәуір әдебиеті» (1991) хрестоматиясының, ғылыми-әдістемелік, публицистикалық мақалалардың, «Сенім» оқу-бағдарламасының авторы.
Слайд 8

Слайд 9

Алма Қыраубаеваның еңбектері төрт салаға бөлінеді: бірінші бағыты - орта ғасырлардағы

Алма Қыраубаеваның еңбектері төрт салаға бөлінеді: бірінші бағыты - орта ғасырлардағы

шығыстық қисса-дастандарды, орта ғасыр әдебиетін зерттеді.
екінші бағыты - түркологиялық зерттеулер.
үшінші бағыты - педагогикалық зерттеулер.
төртінші бағыты - Жамбыл Жабаев шығармашылығы.
Жамбыл Жабаевтің ұмытылған термелерін жинақтап, өз орындауында Қазақ радиосының Алтын қорына жаздырып, «Жамбыл әуендері» жинағын құрастырды. Алма Қыраубаеваның 2008-2012 жылдар аралығында «Ғасырлар мұрасы» ( 2008), «Ежелгі әдебиет» (2008), «Шығыстық қисса дастандар» (2010), «Жаным садаға» (2011), «Мыңжылдық жолаушы» (2012) атты бес томдық шығармалар жинағы жарық көрді.
Слайд 10

20 тоқтам Кісі екеніне күмәнмен қараған баладан кісі шықпайды. Оқушының кемшілігін

20 тоқтам
Кісі екеніне күмәнмен қараған баладан кісі шықпайды.
Оқушының кемшілігін көргіш болсаң,

ықыласын өлтіресің. Жеңісін ізде.
Баланы таң қалдыруды ұмытпа. Даналыққа ұмтылу таң қалудан басталады.
Әр баланың өмір тіршілігі – өзінше бір тағдыр. Баланың тағдырына ой көзімен қара. Сабаққа келмесе, себебіне үңіл. Сабағыңа қызықпаса, себебіне үңіл. Тентек болса, себебіне үңіл. Себебін алдымен өзіңнен ізде, мұғалім.
Мұғалімнің өз сабағын білуі жеткіліксіз. Баланың жан дүниесін түсінбейтін мұғалім сабақ беруші ғана.
Баға құнды емес, бала құнды.
Бала мектеп үшін емес, мектеп бала үшін жұмыс істеуі керек.
Әр бала өз мүмкіндігінің жоғары-төмендігіне қарамастан, өзінше бір ғажайып құбылыс.
Мұғалімнің мақсаты өз пәнін жақсы үйретуден көрі тереңіректе. Ол – адамды жасаушы адам.
Сабақ дегеніміз – мұғалім мен шәкірттің адамгершілік қарым–қатынасы.