Слайд 3
Әдетте таңбалау машиналары: жетегі базалық шасси қозғалтқышынан немесе қосымша автономдық қозғалтқыштан
жүзеге асырылатын компрес-сормен, ресивермен, бояу және еріткішке арналған бактармен, құбырлармен, май су бөлгіштермен, үрлеу соплосымен, бояу тозаңдатқыштармен, бояу құрылғыларымен және сызықтар жабынына салынатын үзіктілікті қамтама-сыз ететін автоматика жүйесімен жабдықталған. Машина қозғалған кезде сызықтар сызық бейіні енінің тегістігін қамтамасыз ететін, бояу құрылғысы арқылы бояу тозаңдатқыштың көмегімен төсемге салынады, ал «стоп» типті жазулар, стрелкалар – сәйкес үлгілер арқылы тасымалды бояу тозаңдат-қышпен.ДЭ-18А таңбалау машинасы ГАЗ-53A автомобилі шассиінің базасында орындалған және У-43102 компрессорларынан, бояуға арналған екі бактан, олардың біреуі – негізгі, ал екіншісі - қосымша; еріткішке арналған бактан; 4 ресиверлерден; жұмыс органынан; көру құрылғысынан; ДЭ-3А машинасы-ның сондай блогымен теңестірілген программалық блоктан және қосымша жабдықтан тұрады (1-сурет).