Карсыбаева К.А. ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ

Содержание

Слайд 2

ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ «Қаржы жүйесі» ұғымы тиісті акша қаражаттарының қорын құру және

ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ

«Қаржы жүйесі» ұғымы тиісті акша қаражаттарының қорын құру және пайдалану

негізіндегі қатынастардың жиынтығын, сондай-ақ, осы қатынастарды ұйымдастыратын органдарды қамтиды. Кейде бұл ұғым тар мағынада мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бірақ бұл анық емес.
Слайд 3

Жоғарыда көрсетілген ұғымның анықтамасына қаржының мәндік сипаттамасынан туындайтын қаржы жүйесінің сыныпталуының

Жоғарыда көрсетілген ұғымның анықтамасына қаржының мәндік сипаттамасынан туындайтын қаржы жүйесінің сыныпталуының

қағидалық моделі, оның-қоғамдық-экономикалық  үрдістегі орны берілген.

Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі үш бөлімнен тұрады

1) қаржы қатынастарының жиынтығы;

2) ақша-қаражат қорларының жиынтығы;

3) басқарудың қаржылық аппараты.

Слайд 4

«Экономика жаһандық қалпына келтіруге дайындау және оның сыртқы сынақтарға тұрақтылығын арттыру

«Экономика жаһандық қалпына келтіруге дайындау және оның сыртқы сынақтарға тұрақтылығын арттыру

үшін біртұтас үш міндетті шешу қажет болады. Солардың бірі – қаржы жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету» деп Н.Ә.Назарбаев 2010 жылғы Қазақстан халқына жолдауында атап айтқандай, қаржы жүйесі тұрақтылығы тұрақты экономикалық өсудің негізі болып табылады.
Слайд 5

Қазақстан Республикасынын қаржы жүйесі бюджет жүйесінен, бюджеттен тыс қорлардан, түрлі меншік

Қазақстан Республикасынын қаржы жүйесі бюджет жүйесінен, бюджеттен тыс қорлардан, түрлі меншік

нысанындағы кәсіпорындардың қаржысынан, қаржы институттарынан (қаржы қызметін жүзеге асырушы, реттеуші ұйымдар, мекемелер, қаржы министрлігі, қазынашылық, ұлттық банк, салық инспекциясы, салық полициясы (қаржы полициясы), кор валюта биржалары, қаржы-несие мекемелері) және қаржы үдерістерінің барысына қажетті шарттар жасайтын қаржы құралдары тұрады. Қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен орнықты дамуы ұлттық экономика дамуының қажетті шарты болып табылады.
Слайд 6

Бүгінде Қазақстанның қаржы жүйесінің құрамы, жоғарыда атап өтілгендей, қаржы қатынастарының біршама

Бүгінде Қазақстанның қаржы жүйесінің құрамы, жоғарыда атап өтілгендей, қаржы қатынастарының біршама

дербес мына сфераларынан тұрады:

мемлекеттік бюджет жүйесі;

арнаулы бюджеттен тыс қорлар;

мемлекеттік несие;

жергілікті қаржы;

шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы;

халықтың қаржысы.

Слайд 7

Қаржы саясаты экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі; мемлекеттің өз атқарымдары мен міндеттерін

Қаржы саясаты 

экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі; мемлекеттің өз атқарымдары мен міндеттерін жүзеге асыру

үшін қаржыны ұйымдастырып, пайдалану шараларының жиынтығы; қаржы ресурстарын жұмылдыру, оларды бөлу нысандары мен әдістерінде, қаржы заңнамасында мемлекеттік кіріс пен шығыс құрылымында көрініс табады.

Қаржы саясаты ел экономикасын дамытудың басым бағыттарына қарай, сондай-ақ өнеркәсіптегі,  энергетикадағы, құрылыстағы, құрылымды құрайтын басқа да салалардағы, ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік сектордың дамуын айқындайтын жалпы ұлттық мүдделерді басшылыққа ала отырып қалыптастырылады. Қаржы саясаты ақша-несие саясатымен тығыз байланысты. 

Слайд 8

Қазақстанда қаржы саясатын жүзеге асыру шаралары ҚР Конституциясында, елдің Бюджет жүйесі

Қазақстанда қаржы саясатын жүзеге асыру шаралары ҚР Конституциясында, елдің Бюджет жүйесі туралы заңы мен Салық

кодексінде, республиканың жыл сайынғы қаржы жылына арналған Республикалық бюджеті туралы заңдарында, басқа да заңнамада, ел Президентінің жарлықтары мен жолдауларында, республика Үкіметінің қаулыларында айқындалған.
Слайд 9

Қазіргі жағдайда жасалынған қаржы саясаты концепсиясының мақсаты шаруашылықты дамыту, қоғамдық өндіріс

Қазіргі жағдайда жасалынған қаржы саясаты концепсиясының мақсаты шаруашылықты дамыту, қоғамдық өндіріс

тиімділігі барынша арттыру негізінде халық тұрмысының неғұрлым жоғарғы дәрежесіне жету. Қаржы стратегиясының әлеуметтік бағыттылығы халықтың тұрмыс жағдайын арттыруға жұмсалатын қаржы ресурстарын көбейтудің мүмкіндіктерін іздестіруде ғана емес. Сонымен қатар экономикалық саясаттың басты мақсатына деген принципті жаңа көзқараста көрінеді.
Сонымен мақаланы қорытындылай келе, қаржы саясатының тиімділігін арттыру шаруашылық жүргізудің бүкіл жүйесімен және оның жоспарлау, болжау, экономикалық ынталандыру, ұйымдастыру, және басқару сияқты құрамды бөліктерімен етене байланысты. Оның үстіне, қаржы қоғамдық қатынастар жүйесінің серпінін (динамикасын) анықтаушы неғұрлым жалпы ұғым ретіндегі әлеуметтік механизмнің ұқсас құрамды бөліктерімен де өзара іс әрекет етеді.
Слайд 10

Слайд 11

Ашық девальвация заңи тұрғыда танылған девальвация, алтын қорынан өтелмейтін көлемде қағаз

Ашық девальвация заңи тұрғыда танылған девальвация, алтын қорынан өтелмейтін көлемде қағаз

ақшаларды айналыстан алу немесе айырбастау есебінен валютаның ресми бағамын төмендету, гиперинфляциядан кейін валютаны тұрақтандыру әдісі. 

Халықаралық қаржы нарығындағы, ұлттық қаржы бағамынын төмендеуі, қаржы резервінің азаюы, мемлекеттіңтөлейтін балансы және тез арадағы сауданың төмендеуімен байланысты, ұлттық ақша бірлігінің тұрақты құндылығының заңды дәрежеде төмендеуі, құнсыздануы.  

Жaсырын девальвация — ресми жария етілмеген девальвация, мемлекеттің құнсызданған ақша купюраларын айналымнан алмай-ақ ақша өлшемінің нақты алтын баламын төмендетуі.

Девальвация түрлері

Слайд 12

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕВАЛЬВАЦИЯ МӘСЕЛЕСІ Елімізде қолма-қол валюта ағынының азаюынан қаржы көлемінің өсу

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕВАЛЬВАЦИЯ МӘСЕЛЕСІ

Елімізде қолма-қол валюта ағынының азаюынан қаржы көлемінің өсу қарқыны

төмендеді. Сондай-ақ несиеге деген пайыздық мөлшерлеменің жоғарылауы мен халық табысының азаюы тауар сатып алушылардың белсенділігін төмендетті.Екінші жағынан, девальвацияны қолданудан әуелі өнеркәсіптік өнімнің, содан соң тұтынушылар нарығындағы бағалардың өсімі баяулайтыны белгілі. Мәселен, салыстырып қарасақ: 2008 жылдың қаңтар-қарашасында инфляция 9,2 пайызды құраса, 2007 жылы қаңтар-қарашада 16,5 пайызды құраған көрінеді. Яғни, бұл процесс экономикалық тұрақтылықты сақтауға септігін тигізеді деген сөз.
Слайд 13

Алайда, қазіргі жағдайда теңге бағамын төмендетуді бірте-бірте жүзеге асырған дұрыс. Себебі,

Алайда, қазіргі жағдайда теңге бағамын төмендетуді бірте-бірте жүзеге асырған дұрыс. Себебі,

девальвация экспорттың өсіміне жол ашып береді. Импорттық тауарлардың бағасы өскенімен, олардың отандық тауарлармен бәсекелестігі төмендейді. Яғни, импортқа белгілі бір дәрежеде шектеу қойылады.