Слайд 8
Консерванттардың пайда болу тарихы
Консерванттарды ең алғаш ежелгі адамдар пайданала бастады. Консервациялау
мақсаттарының бірі тағам өнімдерін ұзақ сақтау болды. Ежелгі әлемде ең көп қолданылатын консерванттар ас тұзы, бал, шарап, түтін, кейінірек — шарап сірке суы және этил спирті болды. Сонымен қатар патшалар мен көсемдердің мумияларын да консервацияланған. Ол үшін бал, балауыз, мұнай, хош иісті өсімдіктерді қолданған.
Аса тиімді консерванттардың рөлін ұзақ уақыт бойы дәмдеуіштер, ал кейінірек — олардан бөлінген эфир майлары, кейбір шайырлар, мұнай айдау өнімдері, креозот орындады.
XIX-XX ғасырда табиғи және синтетикалық химиялық консерванттар тамақ және парфюмерлік-косметикалық өнеркәсіпте өте кең қолдануға ие болды. Алдымен күкірт, салицил, сорбин, бензой қышқылдары және олардың тұздары қолданылды. Антибиотиктер ашылған кезде оларды біраз уақыт бойы перспективалы консерванттар ретінде қарастырды. Қазіргі уақытта консерванттардың оң әсерін оңтайландыру мақсатында өнімдердің әрбір тобы үшін консерванттардың арнайы теңдестірілген қоспалары әзірленді.