Мен топ жетекшісімін

Слайд 2

Адам бір жылын ойласа - дән себеді, бар ғұмырын ойласа -

Адам бір жылын ойласа - дән себеді,
бар ғұмырын ойласа -

ағаш отырғызады,
ал ғасырлық болашағын ойласа - ұрпақ тәрбиелейді.
Ұстаздық жолымның бастау алғанына үш жылдай ғана уақыт болса да, оқытушы өмірі - мен үшін оттай ыстық, көңіліме жақын. Ұстаздар әулетінен тарап, ұстаздар отбасынан шығуым да, ұстаздық қызмет жолына түсуіме әсер еткен болса керек. Мен де ата-анама еліктеп, мектеп қабырғасында жүргенде - ақ ұстаз болуды арман еттім.
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,  Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы.  Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,  Ұстаз болу – адамның асылдығы
Бұл өлең жолдарының астарында ұстаздық - мамандық атаулының төресі деген ұғым тұр. Олай дейтінім, өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық. Оқытушы еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі білімалушыларымен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған адам. Бүгінгі ұстаз тәрбиеленушісіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Олай болса ол тек нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Ұстаз бола білу, оның қадірін түсіну , қастерлеу, бағалау, арындай таза ұстау - әр оқытушының борышы.
Слайд 3

Ол - өз кәсібін,өз ұстанымын, өз пәнін, алдында отырған білімалушыларын жеке

Ол - өз кәсібін,өз ұстанымын, өз пәнін, алдында отырған білімалушыларын жеке

тұлға ретінде қабылдап, білімді, білікті , адами қасиеті жоғары, өмірлік дұрыс ұстанымы бар маман болуға бағыт-бағдар бере алатын, оқушысының жүрегінен орын алатын, үлгі боларлықтай қасиеті бар, өз міндетін білетін және де білім ордасын шексіз сүйетін адам. Олай болса білікті маман - жұмыс барысында кедергі болар қиыншылықтардың шешімін табуда тайсалмастан батыл, дұрыс әрекет жасайды. Жұмысына деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана, оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Оқытушының осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір білімалушысына асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында. Сондай-ақ оқытушының күнбе- күнгі өзінің көп қырлы ізденісінің нәтижесінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын - ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға дайын болады.Сондықтан да ұстазды әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады.
Бұл тұрғыдан қарасам менің алдымда өте үлкен жауапкершілік тұр. Себебі мен тек қана оқытушы емес, мен – топ жетекшісімін. Және де тек бір ғана емес екі бірдей жетекшілік тобым бар.
Слайд 4

Байқамайсың, байқамайсың, Мына ғажап тамашаны. Бір адамға байланысты, Бір адамның болашағы,

Байқамайсың, байқамайсың,
Мына ғажап тамашаны.
Бір адамға байланысты,
Бір адамның болашағы,
- деп ақын Мұхтар

Шаханов жырлағандай мен алдымда тәрбиеленіп отырған балаларымның болашағына бірден бір әсер беруші тұлға екенімді ойласам қорқыныш сезімі де, қуаныш сезімі де оянады. Менің топ жетекші ретінде ұстанатын қағидам әрбір баланы бөле жармай топты бір отбасы ретінде ұйымшылдыққа тәрбиелеу болып табылады. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші топ тек қана жалғыз дара әрекет етпей, бірлесе жұмыс жасай білсе нәтиже болады деп білемін.
Ұстаздық еңбек жолымдағы ең алғаш жетекшілік ететін тобымның алдыма келген күн әлі есімде. Өзім күні кеше ғана студент болып жүріп, бүгінгі күні аса жоғарғы жауапкершілікті, төзімділікті, ептілікті, мейірімділікті, ұстамдылықты, сыпайылылықты талап ететін, қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін топ жетешісі атандым .
Топ жетекшілік қызметі менің түсінігім бойынша білімалушылардың екінші анасы болып табылады. Иә,– екінші ана! Ана деу себебім, мектеп табалдырығынан жаңа өмірге қадам басып, үлкен қалаға, жұмбақ, таныс емес ортаға жан-жақтан үреймен келген қарапайым , болашағы беймәлім көздері мөлдіреген – білсем, үйренсем, білікті маман болсам деген білімалушыларға, бір көргеннен-ақ қорқыныштарын сейілтіп, басқан қадамдарының нақ, дұрыс шешім қабылдауына ең алғашы болып топ жетекшісі сенім мен серпіліс беруі қажет. Әр баланы жеке тұлға ретінде қабылдап, мінез-құлық ерекшеліктерін ескере отырып өзінің дұрыс шешім қабылдауына ықпал ете білу керек.