Ы.Е.Маманов қазақ тілінде белгілілік-белгісіздік категориясы бар деп көрсетеді. Олардың арнаулы грамматикалық
көрсеткіштерін де анықтайды. Ғалым табыс, ілік септіктерінің ашық, жасырын келу ерекшеліктерін қазақ грамматикасындағы белгілілік-белгісіздік ұғымымен байланысты қарау керек деген концепция ұсынады
Қазақ тілінде де, басқа да түркі тілінде де негізгі сөз таптарына жататын сөздер ешбір қосымша көрсеткіштерсіз-ақ негізгі түбір күйінде тұрып белгілі лексикалық мағынаны білдіреді, соның нәтижесінде ол сөз жалпы грамматикалық мағынаға да ие болады. Өйткені сөздің жалпы грамматикалық мағынасы – оның лексикалық мағынасы негізінде, атап айтқанда, лексикалық мағынаның жалпылануы арқылы туындайтыны талассыз нәрсе. Соның арқасында сөздер белгілі ортақ қасиеттері арқылы топталады. Мысалы, үй, бала, тас, қала, ойыншық т.б. сөздер лексикалық мағынасы жағынан бір-біріне ешбір жақындығы жоқ: әрқайсысы жеке-жеке заттың атауы.
Нөлдік форма – Сөздердің ешқандай формасыз белгілі грамматикалық мағына беруі.