Мажориталық (мажор – көтеріңкі, көңілді деген француз сөзі) деп,
дауыс
беру нәтижелерін берілген дауыстың көпшілікті
принципімен анықтайтын сайлау жүйесін айтады.
Өз кезегінде, мажоритарлық жүйе төмендегі екі түрге бөлінеді:
* берілген дауыстардың абсолютті басымдылығына
* берілген дауыстардың салыстырмалы (относительно)
басымдылығына
Абсолютті басымдылық жүйесінде сайлаушылардың 50 проценттен (50% +1) басымы дауыс бергенде кандидат сайланды деп есептеледі. 1958 жылдан бері мұндай жүйе Францияда бар.
Ал, салыстырмалы басымдылық жүйесінде басқа кандидаттардың бәріне қарағанда көп дауыс алу мүмкіндігіне орай жеңген кандидат сайланады. Мұндай жүйе өте көп таралған әрі көп қолданылады.