Қазақстандағы ұлтаралық неке

Слайд 2

Ұлт аралық неке Ұлтаралық некенің көбеюі – қоғамның экономикасымен мәдениетінің дамуының

Ұлт аралық неке

Ұлтаралық некенің көбеюі – қоғамның экономикасымен мәдениетінің дамуының заңды

нәтижесі. Адамдардың материалдық және рухани қажеттіліктерінде, талғамдарымен өзара қатынастарында, әр түрлі халық өкілдерінің мінез құлқымен психологиясында оларды жақындастыратын ортақ белгілер қалыптасуда. Ұлтаралық неке әр түрлі ұлт өкілдерінің әлеуметтік –мәдени даму деңгейлерінің рухани жақындығымен шамаластығы жөнінде айғақтайды. Рухани жақындық жоқ жерде нағыз сүйіспеншіліктің (махаббаттың) болуы да мүмкін емес. Ұлттар мен ұлыстардың жақындасуының негізгі себептеріне экономикалық, саяси идеялық және мәдени байланыстардың тереңдей түсуі жатады. Ал, ұлтаралық неке әр бір нақты жағдайда жалпы қоғамға тән, ұлттардың жақындасуы процесін туындатады.
Қоғам өмірінің барлық жақтарын интернационалдан негізгі үрдістерінің бірі ретіндегі күн сайын артып келе жатқан этносаралық жақындасу оның әр түрлі салаларын қозғайды. Отбасылық тұрмыстық салада бұл процесс отбасының құрамында, отбасы ішіндегі қатынастарда, әдет ғұрыптарда, салт-жораларда, дәстүрлерде, материалдық мәдениеттің элементтерінде байқалады. Этносаралық жақындасу процесінің көрініс беру сипатының әр түрлі реңкі бар, бұл ол орын алатын этникалық ортаға, отбасының ұлттық құрамына және басқаларына байланысты.
Слайд 3

Слайд 4

Деректер не дейді? Әртүрлі этностар қатар өмір сүріп жатқан қазіргі Қазақстан

Деректер не дейді?
Әртүрлі этностар қатар өмір сүріп жатқан қазіргі Қазақстан қоғамында

аралас неке болмай тұрмайды. Бірақ аралас неке қазақ ұлтының болашағына пайдалы ма, әлде зиянды ма? Нақтырақ айтқанда, аз ұлттар азулы ұлттардың кең көмейіне жұтылып жатқан мына заманда, бар-жоғы 10 миллионнан жаңа асқан қазаққа аралас некенің берері бар ма екен?.
Осы тұрғыдан ой өрбітсек: 1940 жылы Кеңес Одағы өзінің құрамында өмір сүріп жатқан 130 ұлтқа зерттеу жүргізіпті. «Орыстармен үйленген басқа ұлт өкілдері қанша екен?» деп, санап кеп жібергенде, бірінші орынға Латвия секіріп шыққан да, екінші орында – Қазақстан. Ел басқарған азаматтардың қуаныштан бөркі қазандай болып, бірер жылда Латвияны басып озуға ұмтылыс жасағаны жасырын емес.Кейін 1950 жылдары тың игеру кезінде елімізде аралас неке күрт өскен. 1940 жылдары 15 пайыздың шамасында болса, 1950-ші жылдардың соңында 23 пайызға жеткен. 1979 жылы дегенде әрбір бесінші неке – аралас неке болыпты. Бір таңданарлық жағдай, 1980 жылдардың аяғында аралас неке күрт төмендеген. Тіпті 9,7 пайызға дейін құлдырап кеткен. Бұлай болуына әсер еткен дүние – елдегі демократиялық өрлеу пен ұлттық сананың оянуы сияқты. Оның сыртында орыстан қатын алған қазаққа көрсетілетін жеңілдіктер (пәтерлі болу, қызметін өсіру) келмеске кетіп бара жатқанын аңғарғандықтан болар біздің алақұйрық азаматтар аттың басын тарта қойған сыңайлы.
Слайд 5

Слайд 6

Қазір ше? Тәуелсіз Қазақия елінде жыл сайын шамамен 100 мың неке

Қазір ше?

Тәуелсіз Қазақия елінде жыл сайын шамамен 100 мың неке

қиылады. Осының 20 пайызы немесе 20 мыңы аралас неке екен. Құдай бұйыртса, кешікпей Кеңес кезіндегі межеге жетіп жығылатын түріміз бар. Кейбір қоғамдық ұйымдардың зерттеуіне қарасақ, 18-20 жастағы қазақстандық қыздардың үштен бірі шетелдік жігітке күйеуге шыққысы келеді. Бұл бойжеткендердің 50 пайызы қазақ қыздары. Шетелдік азаматтармен аралас неке құрушылардың 50 пайызы ресейліктердің үлесінде. Келесі орында Қырғызстан мен Өзбекстан. Бұл ағайындар соқа бас жұмыс іздеп келіп-ақ, қалыңсыз қазақ қыздарын құшып жатыр. Тек Астананың өзінде құрылыста жүрген түріктерден туып қалған жиендер жүздеп емес мыңдап саналады. Түріктерге тоқалдыққа тиіп кетіп, басы сыймай қайтып келген қарындастар қаншама. Міне, біздің қазіргі жағдай осы. 2007 жылы Астана қаласында азаматтығы жоқ тұлғалармен 36 неке қиылса, 2008 жылы бұл көрсеткіш 47-ге жеткен. 2009 жылдың алғашқы жартыжылдығында 37 неке тіркелген. Бұл сан жыл сайын өсу үстінде. Кеңес кезінде орыстан қатын алған ардагер ағалардың балалары, орысқа қатын болған апа-қарындастарымыздан туған жиендердің 80 пайызы қазір Қазақстанда тұрмайды. Әсіресе, жиендер 100 пайыз босып кеткен. Алды Америка, Канада, одан қалды Еуропа елдерінде. Оқыған білімін, қарым-қабілетін басқалар үшін жұмсап жатыр.
Слайд 7

Слайд 8

Қазақ қыздарының шетелдік азаматтарға тұрмысқа шығуы жиеленді Орынсыз жерде сөз алмайтын,

Қазақ қыздарының шетелдік азаматтарға тұрмысқа шығуы жиеленді
Орынсыз жерде сөз алмайтын, ұлтының,

ер-азаматының жақсысын асырып, жаманын жасыратын қыздарымыз қазіргі таңда қандай қасиеттерімен танылуда? Бойжеткендеріміз арасында темекі шегуге әуестік көбейіп барады. Әп-әдемі сіңлілеріміздің аузынан темекі иісінің бұрқырап тұратыны үйреншікті болып кетті. Шетелге барып,оқып жатқан жастарымыздың да басым көпшілігі қыз балалар. Сол сіңлілеріміз ертең елге орала ма,әлде сол елдің ұрпағын өсіруге атсалысып, өзге елдің босағасында қалып қоя ма? Сол тарапынан, қазіргі уақытта некеге немқұрайлы қарау немесе «аралас неке» туралы жиі сөз қозғалуда. Қазақ қыздарының шетелдік азаматтарға тұрмысқа шығуы белең алып кетті. Телеарналар мен ғаламтор беттерінен де осы жайтты көтерген бағдарлама, мақалаларды көзің шалып қалады. Бірақ, одан не қорытынды шығарып жатқан ешкім жоқ. Керісінше, «шетелдікке ұзатыпты» деп өз өзімізді әспеттеп, жарнамалаймыз.

Ал мәдени ошақтарымыз ше?

Бір бірімен жарыса «ұлтаралық достықтың» алауын асқақтатып, небір фильмдерді өндіріп жатыр. Әрқайсында қазақ қызының тағдыры суреттелген. Бір фильмде орыстың, екіншісінде түріктің,тағы бірінде француздың етегінен ұстап кете барады. Қазақстанда қаншама ұлт өкілдері тұрады. Соған қарамастан, киносюжеттерде тағы да қазақ қыздары құрбан болады. Ал сол фильмдердің жастарға берер тәрбиелік мәнін ойланып көрдік пе?
Аралас неке ұлтымызға, ана тіліміздің, дініміздің, ұлтымыздыңболашағына кесірін тигізіп жатқаны жатқанын білсек те үндемей отырмыз. Сонда қазақ қыздарын қазақ жігіттеріне қарамай шетелдіктерге әйел болуға итермелейтін не? Албырт жастық па, махаббат па, әлде еуропалық жоғары тұрмыстық жағдай ма? Қазiргi таңда жылына жүз мыңға жуық отбасы шаңырақ көтерсе, соның 25 пайызы аралас неке өкiлдерi екен. Қазақ қыздарының қалталы шетелдiктерге тұрмысқа шығуы қалыпты жағдайға айналып бара жатқаны өкінішті… Елінің іргесіне жау төнгенде намысты қолдан бермей, ерлермен бірге атқа қонған да сол қазақ қыздары емес пе еді…?

Слайд 9

Слайд 10

Ислам ұлтқа бөлмейді Бәрінен де, ұлтаралық некемен қатар, дінаралық отау иелерінің

Ислам ұлтқа бөлмейді

Бәрінен де, ұлтаралық некемен қатар, дінаралық отау иелерінің пайда

болуы да қатты алаңдатып отыр. Діни тұрғыдан келер болсақ, ислам ұлтаралық некеге қарсы келмеиді «ислам діні мұсылмандарға, үйленуге тыиым салынған адамдар­дан тыс, мынадай үш әдәммен некеге тұрмауды үгіттеиді: олар - аллаһты мойындамайтын нанымсыздар, жаратушыға ортақ қосатын мүшіріктер және зинақорлар. аяттарда зинақор еркек пен зинақор әйел үйле­неді делінген. Құран олардың орнына иманды, тақуа және ізгі жандармен неке шартын жасауды ұсынады. Осы арада мән беретін мәселе, құран неке шартын жасау кезінде адамдарды ұлтқа, сыныптарға бөлмеиді және бұл мәселені әр жеке тұлғаның өзінің жеке мәселесі ретінде қарастырады» деиді дінтәнуші, дегенмен де қазыргы таңда діни сектанттардың өз үгітін еркін жүргізу мақсатында қазақ қыздарына үйленуі жиілеп кетті. Бұл тұрғыда салттардың да ассимиляйияға түсіп кету қаупы жоқ емес мәселен,христиандық дін ұстанатын жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызы қайтыс болып жатса, марқұмды қай діннің салты бойынша жерлемек? Күйеу жағы өздеріне тартатыны рас, бірақ «бауыр етін» мұсылманша жерге бермеуге әке-шешесі қалай шыдамақ? Сол секілді қос ұлттағы әке-шешенің ұрпақтары не істеиді?
Слайд 11