Құқықтық статистика және арнайы есепке алу деректерiн ұсынудан бас тарту, ұсынбау,
уақтылы ұсынбау, жасыру, қосып жазу және басқа да бұрмалаушылықтар
1. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттік органға құқықтық статистика мен арнайы есепке алу деректерiн ұсынудан бас тарту, ұсынбау, оларды белгiленген мерзiмдi бұза отырып ұсыну, құқықтық статистика және арнайы есепке алу деректерiн жасыру, қосып жазу, басқа да қасақана бұрмалаушылықтар, сол сияқты құқықтық статистикалық ақпаратты және арнайы есепке алу мәлiметтерiн алуға қандай да бiр нысанда кедергi келтіру – лауазымды адамдарға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Денсаулық сақтау саласында жасалған дәл сол іс-әрекеттер – лауазымды адамдарға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.