Жануарлар дене құрылысының ортақ белгісі бойынша омыртқасыздар және омыртқалылар болып бөлінеді. Халқымыз омыртқасыз жануарды жәндіктер
дейді. Жәндіктердің денесінде ішкі қаңқа және омыртқа жотасы болмайды. Олардың біржасушалы да, көпжасушалы да түрлері болуы мүмкін.
Ішкі қаңқасы және омыртқа жотасыболатын түрлер омыртқалы жануарларға жатқызылады. Бұлар жануарлар деп аталады. Жануарлардың ұрығы дами бастаған белгілі сатысында ішкі қаңқа нышаны байқалады. Бұл түзіліс бас пен құйрық аралығында домбыра ішегі желісіне ұқсас керіліп жатады.