Қасым Аманжолов

Содержание

Слайд 2

1911-1955

1911-1955

Слайд 3

Қасым Аманжолов– қазақтың аса ірі ақындарының бірі. Оның көркемдік-эстетикалық деңгейі жоғары,

Қасым Аманжолов– қазақтың аса ірі ақындарының бірі. Оның көркемдік-эстетикалық деңгейі жоғары, қазақ әдебиеті

тарихында айтулы орынға ие шығармашылығы, негізінен, поэзиялық туындылардан тұрады. Ақынның әдеби мол мұрасын 7-8 поэмасы мен алуан тақырыптағы лирикалары құрайды.
Слайд 4

ҚАСЫМ АМАНЖОЛОВ – КӨРКЕМ АУДАРМА ӨНЕРІНІҢ ДЕ ҮЗДІК ШЕБЕРІ. ОЛ ОРЫС,

ҚАСЫМ АМАНЖОЛОВ – КӨРКЕМ АУДАРМА ӨНЕРІНІҢ ДЕ ҮЗДІК ШЕБЕРІ. ОЛ ОРЫС, БАТЫС ПЕН

ШЫҒЫС ПОЭЗИЯСЫНЫҢ КЛАССИКАЛЫҚ ТУЫНДЫЛАРЫН: ЛИРИКАЛЫҚ ӨЛЕҢДЕР МЕН ПОЭМА-ДАСТАНДАРЫН ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ ЗОР ШАБЫТПЕН АУДАРДЫ.
Слайд 5

1938 ЖЫЛЫ ТҰҢҒЫШ ӨЛЕҢДЕР ЖИНАҒЫ "ӨМІР СЫРЫ" ДЕГЕН АТПЕН ЖАРЫҚ КӨРЕДІ.

1938 ЖЫЛЫ ТҰҢҒЫШ ӨЛЕҢДЕР ЖИНАҒЫ "ӨМІР СЫРЫ" ДЕГЕН АТПЕН ЖАРЫҚ КӨРЕДІ.

ЖИНАҚҚА ЕНГЕН ӨЛЕҢДЕРДЕН БОЛАШАҚТАҒЫ КЕМЕЛДЕНГЕН АҚЫН ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ОТТЫ, ЛЕПТІ, СЫРШЫЛ МІНЕЗІ ТАНЫЛАТЫН ЖЕКЕЛЕГЕН ЖОЛ, ШУМАҚТАР ТАБЫЛҒАНЫМЕН, ТҰТАСТАЙ АЛҒАНДА, ЖИНАҚ АҚЫННЫҢ ӘЛІ ДЕ ҮЙРЕНУ, ЕЛІКТЕУ ҮСТІНДЕ ЕКЕНІН КӨРСЕТЕТІН ЕДІ..
Слайд 6

Бірақ ақын бұл қалпында көп кідірмей, осыдан кейінгі не бары екі-үш

Бірақ ақын бұл қалпында көп кідірмей, осыдан кейінгі не бары екі-үш

жылда-ақ:
Ішім пысты, жалықтым, Жүре алман енді аяңдап. Кенде қаппын, жаңа ұқтым, Не болса соған аяңдап –
немесе:
Нар тәуекел! Құлаш ұрдым қиынға, Қайрат шіркін алып шықса, қиын ба!.. Жығылам деп жүре алмаймын жай басып, Жүгіремін киіп-жарып, айқасып. Мүлги берсін, ілби берсін қорқақтар, Іш пыстырып, жалт-жұлт қарап, жай басып Жығылсам да, жүгірумен өтемін, Аяңшылдың ақылын мен не етемін. Жығылармын, алқынармын, шаршармын, Барар жерге бұрынырақ жетермін, –
дегеніндей-ақ, қатты талпынып, талантына мәдениеті қосылып, ақындықтың шырқау биігіне самғап көтерілді.
Слайд 7

Ақын 1941 жылы армия қатарына шақырылады. Сол қарсаңда "Мазасыз музыка", "Қоштасу",

Ақын 1941 жылы армия қатарына шақырылады. Сол қарсаңда "Мазасыз музыка", "Қоштасу",

"Бейсекештің бес ұлы" секілді әсерлі, сыршыл сезімге толы, лепті өлеңдерін жазады. 1941-1943 жылдары Қиыр Шығыста болған Қасым 1943 жылы батыстағы майданға ауыстырылады, содан соғыс аяқталғанға дейін "қанды қырғын, қып-қызыл өрттің ішінде" болады. Намыскер, өр, қайсар Қасым жауынгерлік міндетін жан аямай атқарады, абыройлы болады. Қиыр Шығыс пен батыстағы майдан аралығындағы ұзақ сапар, атамекен – Қазақстанын қақ жарып өтетін жол әсершіл, ұшқыр қиялды ақын жанын қатты тебірентеді. Соның нәтижесінде "Орал", "Сарыарқа", "Байкал", "Өтіп бара жатырмын" тәрізді тек Қасымның ғана емес, сол кездегі бүкіл қазақ поэзиясының жетістігі болып саналатын өлеңдері дүниеге келеді.
Слайд 8

Ақын рухының бұл қуатты серпілісі майдан жырларына ұласып, мазмұн, тақырып, түр,

Ақын рухының бұл қуатты серпілісі майдан жырларына ұласып, мазмұн, тақырып, түр,

көркемдік бейнелеу кұралдары, ой мен сезім тереңдігі жағынан жаңа сапа тауып, биік белеске көтеріледі. "Елге хат" (бес бөлімнен тұратын ұзақ толғау), "Ұлы күтіс", "Үстімде сұр шинелім", "Подполковник Әлпинге", "Қапанға", "Сәбитке", "Ғалиға жауап", "Қызғалдақ", "Сен фашиссің, мен қазақпын", "Дариға, сол қыз" сияқты хрестоматиялық өлеңдері мен әйгілі "Ақын өлімі туралы аңыз" поэмасы – соның айғағы.
Слайд 9

Майданнан оралғаннан кейінгі алғашқы жылдары Қасым журнал редакцияларында істейді, ара-тұра поэзия,

Майданнан оралғаннан кейінгі алғашқы жылдары Қасым журнал редакцияларында істейді, ара-тұра поэзия, ақындық

өнер тақырыбына сын мақалалар жариялайды, өлеңді де өндіре жазады. Мысалы: 1946 жылы 26 өлең жазыпты, солардың ішінен, әсіресе "Достар", "Туған жер", "Құрбыма", "Сауыншы жеңгейдің жыры", "Домбыра", "Май келді", "Күйім тасып барады, күйім тасып", т.б. көркемдігі жоғары өлеңдерін ерекше атауға болады. Ақын 1947 жылдан бастап сырқатқа шалдығады. Соның өзінде сол жылы он шақты өлең жазып, "Біздің дастан" поэмасын бастайды. М.Лермонтовтың "Маскарад" драмасын, А.Твардовскийдің әйгілі "Василий Теркин" атты ұзақ та күрделі поэмасын өте шебер аударады. 1948 жылы да Қасым көп жазады, "Дауыл" атты жинағы жарық көреді.
Слайд 10

ҚАСЫМНЫҢ ӨЛЕҢДЕРІ "ГРОЗА" ДЕГЕН АТПЕН 1946 ЖЫЛЫ, "СТИХИ" ДЕГЕН АТПЕН 1949

ҚАСЫМНЫҢ ӨЛЕҢДЕРІ "ГРОЗА" ДЕГЕН АТПЕН 1946 ЖЫЛЫ, "СТИХИ" ДЕГЕН АТПЕН 1949

ЖЫЛЫ ОРЫС ТІЛІНДЕ ЖЕКЕ КІТАП БОЛЫП БАСЫЛАДЫ. ҚАСЫМ АМАНЖОЛОВ ҰЗАҚҚА СОЗЫЛҒАН НАУҚАСТАН 1955 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАРДЫҢ 17-СІНДЕ ҚАЙТЫС БОЛДЫ. ӨЛЕҢДЕРІ. СОҒЫСТЫҢ АЛДЫНДА ҚАСЫМ "ӨЗ ЕЛІМ", "ДАУЫЛ", "НАР ТӘУЕКЕЛ", "ТАЛҒАР" ТӘРІЗДІ ӘДЕМІ ЛИРИКАЛЫҚ ӨЛЕҢДЕР ЖАЗДЫ. БҰЛ ӨЛЕҢДЕРДІҢ КЕЙІПКЕРІ – ӨЗ ЕЛІН, ТУҒАН ДАЛАСЫНЫҢ ТАБИҒАТЫН ШЕКСІЗ СҮЙГЕН, "КӨК ДАУЫЛДАЙ КЕУДЕЛІ ЖІГІТ" БОЛЫП ӨСКЕН ҚАЙРАТТЫ ЗАМАНДАСЫ. ӨМІРГЕ КӨЗІН АШПАЙ ЖАТЫП, "ЖЕТІМДІК ТАҒДЫР" ЖЕЛКЕЛЕГЕН БАЛДЫРҒАНДЫ ӨЗ ТӘРБИЕСІНЕ АЛҒАН ОТАНЫН АҚЫН ЕРЕКШЕ СЕЗІММЕН ЖЫРЛАЙДЫ:
Слайд 11

ӨМІРГЕ ЕНДІМ ЕҢБЕКТЕП, ШАЛҚАЛАП ӘКЕМ ШЫҚТЫ ҮЙДЕН. ЖЕТІМДІК ТАҒДЫР ЖЕТТІ ЕПТЕП,

ӨМІРГЕ ЕНДІМ ЕҢБЕКТЕП, ШАЛҚАЛАП ӘКЕМ ШЫҚТЫ ҮЙДЕН. ЖЕТІМДІК ТАҒДЫР ЖЕТТІ ЕПТЕП, ҚАБАҒЫН ЖАБА ТҮКСИГЕН. ӨМІРДЕН

ҮМІТ ЖОҚ ӨЗГЕ, ДАЛАНЫҢ ТЕРДІМ ТЕЗЕГІН. ӘКЕМ БОП ТАПТЫҢ СОЛ КЕЗДЕ, ҚАЙРАН ДА МЕНІҢ ӨЗ ЕЛІМ.
Слайд 12

Қасым шығармашылығы – қазақ поэзиясының асыл үлгілерінің бірі. Халықтың қарапайым ортасынан

Қасым шығармашылығы – қазақ поэзиясының асыл үлгілерінің бірі. Халықтың қарапайым ортасынан

шыққан жалынды ақын өз тағдырын туған елі тарихымен тұтастықта сезініп, өз өлеңдерінде халық жанына тән ерлік, батырлық, жомарттық сезімді терең көрсетті. Оның батыл ойлы, сыршыл поэзиясының бұрынғысынша әсерлі де тартымды болып келе жатқаны да сондықтан.
Слайд 13

"Қасым ақын жанының бар толғауын, кек күшін, сезім тереңін түгел бере

"Қасым ақын жанының бар толғауын, кек күшін, сезім тереңін түгел бере

алған. Жалынды сөзбен жауға аттандырар, жан сезімімен жас тамшылатар ақын сөзі өзегін, жүрегін тербей шыққан. Қасым поэмасы майданнан соққан жаңа леп сияқты.»
Ғабит Мүсірепов