ҚазАқпарат -2002 жылдан бастап құрт ауруымен науқастану саны 100 мың
адамға шаққанда 165,1 көрсеткішінен 2011 жылы 100 мың адамға шаққанда 86,8-ге дейін төмендеді. Яғни туберкулез ауруы көрсеткіші 47 пайызға кеміп отыр. Дегенмен де, қазіргі таңда бұл дертке шалдығу Қазақстанда жоғары деңгейде сақталуда. Сол себепті де құрт ауруының алдын алу және емдеу Қазақстан Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтау саласын дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарының бірі болып табылады. Бұл туралы Алматыда «Қазақстандағы құрт ауруына байланысты жағдайды өзгертуге не көмектесе алады: сарапшылардың пікірі» деген тақырыпта өткен баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Туберкулез мәселелері Ұлттық орталығының директоры Тілеухан Әбілдаев айтты.
Все права защищены.
Денсаулық сақтаудың статистикалық деректері бойынша кейінгі 10 жылда Қазақстандағы туберкулез ауруы көрсеткіші 54,9%-ға, ал өлім көрсеткіші 77,4%-ға төмендеген.