Кординаталардың көкжиектік жүйесі
Аспан шырағының орны екі бұрышпен анықталады, оның бірі көкжиек
сызығы бойымен өлшенетін шырақ вертикаліне дейінгі бұрыш азимут. Екіншісі вертикаль бойымен өлшенетін шырақтың көкжиектен бұрыштық қашықтығы шырақ биіктігі. Бірақ бұл кординаталар жүйесін қолдану кезінде қолайсыз жағдайлар да бар. Себебі аспан денелерінің көкжиектік координаталарының мәні уақыт пен бақылаушының орнына байланысты.
Кординаталардың экваторлық жүйесі
Аспан сферасындағы жұлдыздардың ондағы орындары өзгермейді. Сондықтан онымн бірге қозғалатын координаталар жүйесін қолдану ыңғайлы. Ол экваторлық координаталар жүйесі. Оның негізгі жазықтығы аспан экваторының жазықтығы