Тұңғыш Президент кітапханасы қазіргі Мемлекет басшысының орталығы болып тұрғанымен ерекешеленеді. Қазақстан
Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының қорында Н.Ә. Назарбаевтың жеке мұрағатындағы 20 мыңнан астам басылым мен 700 жәдігер жинақталған: олардың арасында мемлекет басшылары мен олардың ресми өкілдерінің сыйлықтары, Президенттің өз қаражаты есебінен алынған өнер туындылары және тарихи мәні зор құндылықтар бар. Кітапхана қоры жаңа кітаптармен, құнды жәдігерермен, бірегей мұрағаттық материалдармен үнемі толықтырылып тұрады.
Жеке кітапханада ақпараттық тұрғыдан мол қамтылған әрі Елбасының жұмыс істеуі үшін жоғары технологиялық тұрғыда ұйымдастырылған шығармашылық бөлмесі ашылған.
Кітапхана – заманауи электрондық-мұрағаттық инфрақұрылым .Сондай-ақ ұлттық мәдени-тарихи құндылықтың құрамдас бөлігі саналатын бірегей ақпараттық ресурс. Келушілер www.presidentlibrary.kz ресми сайты арқылы Елбасының электрондық кітапханасына қол жеткізе алады. Қолданушылардың ақпараттық сұраныстарын қанағаттандыру әрі ғылыми және білім беру мақсатында интернет құралдарына қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін, Кітапханада әлемдік баспалардың лицензиялық мәліметтер қорын пайдалануға жағдай жасалған.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының дәйекті әрі жүйелі экспозициялық-көрмелік қызметі Н.Ә.Назарбаевтың жасампаз идеялары мен бастамаларын тақырыптық тұрғыдан көрсетуге бағытталған. Келушілерге Мемлекет басшысының тұжырымдамалық ойларымен және Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерімен жан-жақты, терең танысуға мүмкіндік беретін экспозициялар интерактивтік үстелдер контенті, бірегей жәдігерлер, фотокадрлар, еліміз жылнамасының дәстүрлі мұрағаттық материалдары түрінде ұсынылған.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫНЫҢ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ