Қатты денелік және газ лазерінің жұмыс істеу принципі және оның құрамы

Содержание

Слайд 2

ЖОСПАР Лазер жайлы түсінік Лазердің түрлері Лазердің жұмыс істеу принципі Лазердің құрамы

ЖОСПАР

Лазер жайлы түсінік
Лазердің түрлері
Лазердің жұмыс істеу принципі
Лазердің құрамы

Слайд 3

Лазер — атомдар мен молекулалардың еріксіз сәуле шығаруына негізделген электромагниттік сәуле.

Лазер — атомдар мен молекулалардың еріксіз сәуле шығаруына негізделген электромагниттік сәуле.

Ол

ағылшынның «Жарықты еріксіз сәуле шығару арқылы күшейту» деген сөздерінің басқы әріптерінен құралған.

Лазерді оптикалық кванттық генератор (ОКГ), десе де болады.

Слайд 4

Физика курсынан белгілі – атомдағы электрондардың әртүрлі деңгейде қозғалып жүретіні белгілі.

Физика курсынан белгілі – атомдағы электрондардың әртүрлі деңгейде қозғалып жүретіні белгілі.

Электрон бір деңгейден екінші деңгейге өткенде жарық жарық толқынын шығарады.
Егер энергия төменгі деңгейда орналасқан болса, онда оны жоғары деңгейге өткізу үшін оған жарық толқынымен әсер етеміз. Электрон осы жарық энергиясының бір бөлігін жұтады да, жоғары деңгейге өтеді, ал электрон жоғары деңгейде орналасатын болса, оған әсер еткен жарық нәтижесінде электрон төменгі деңгейге өтеді де өзінен фотон бөліп шығарады. Бұл процесті еріксіз шығару деп атайды. Міне осы процесс лазердің негізі болып саналады.
Слайд 5

- Сонымен төменгі деңгейдегі электрондар өзіне түскен жарықтың бір бөлігін жұтып,

- Сонымен төменгі деңгейдегі электрондар өзіне түскен жарықтың бір бөлігін жұтып,

жоғары деңгейде көтерілсе, жоғары деңгейдегі электрондар өзіне түскен жарық энергиясының бір бөлігін фотон ретінде бөліп шығарып төменгі деңгейге түседі.
- Ал төменгі деңгейдегі электрондар саны жоғары деңгейдегі электрондар санына қарағанда көбірек болғандықтан – жарық жұтылуы көбірек болады.
- Ал атомдарда пайдалы жарық энергиясын бөліп алу үшін жоғары деңгейдегі атомдар саны төменгі деңгейдегі электрондар санынан көбірек болғаны жөн. Ол үшін белсенді активті орта керек. Активті ортаның энергиясының арқасында электрондарды төменгі деңгейден жоғары деңгейге шығарып жіберуге болады.
- Осы айтылғандарды молекула ішінде орналасқан атомдарға да таратуға болады.
Слайд 6

Лазер немесе кез – келген квант генераторы негізгі екі элементтен тұрады:

Лазер немесе кез – келген квант генераторы негізгі екі элементтен тұрады:

1.

Активті күйге түскен жұмысшы заты.

2. Резонатор

Слайд 7

Активті заттарды қолдануына байланысты лазерлерді: Қатты денелік; Жартылай өткізгіштік; Газдық; Сұйықтық

Активті заттарды қолдануына байланысты лазерлерді:

Қатты денелік;

Жартылай өткізгіштік;

Газдық;

Сұйықтық

Слайд 8

Жұмыс істеу принципіне байланысты лазерлер: Үздіксіз Импульстық

Жұмыс істеу принципіне байланысты лазерлер:

Үздіксіз
Импульстық

Слайд 9

Катты денелік лазерлердің кең тараған түрі — рубинді лазер, неодим, шынылы

Катты денелік лазерлердің кең тараған түрі — рубинді лазер, неодим, шынылы

лазер. Рубинді лазер толқын ұзындығы 6,2 нм ашық қызыл жарық сәулесін шығарып бере алады. Рубин кристалы лазердің жұмысшы элементі болып саналады. Ол қолдан, жасанды түрде өсіріледі.
Слайд 10

Қатты денелік лазердің құрамы: Құрамы жөнінен рубин алюминий тотығының хроммен қосылысы

Қатты денелік лазердің құрамы:

Құрамы жөнінен рубин алюминий тотығының хроммен қосылысы болып

есептеледі. Құрылысы жөнінен бұл кристалл оттегі және алюминий атомдарынан тұратын ара ұясын еске түсіреді. Тек кейбір ұяда хром атомы орналасады. Алюминий тотығына енген хром атомдары берік орналасу үшін өзінің үш электронын оттегінің атомдарына береді де, өзі зарядталған хром ионына айналады. Міне осы хром ионы жарық толқындарының көзі болып саналады. Хром иондары үш деңгейден тұрады.
Қатты денелік лазердің жұмыс істеу принципі:
Оның жұмыс істеу принципі жоғарыда айтып кеткен мысалдағыдай, иондардың бірінші деңгейден үшінші дедгейге өтуі активті ортаның пайда болуын қамтамасыз етсе, екінші деңгенден бірінші деңгейге өткенде қызыл жарық пайда болады.
Слайд 11

Газды лазер Газды лазер – газ оптикалық қасиеті жөнінен біртекті орта

Газды лазер

Газды лазер – газ оптикалық қасиеті жөнінен біртекті орта болып

есептеледі. Сондықтан ол лазердің активті ортасы ретінде жиі қолданылады. Лазер кварц түтікшесінен тұрады, оның ішінде гелий мен неон қоспасы болады, түтікшенің ұштарында 2 айна орналасады. Түтікшенің ұзындығы 1 метр, ал диаметрі бірнеше мм. болады. Түтікшеден разряд екі әдіспен қоздырылады. Оның біреуін контактылы, екіншісін контактысыз деп атайды.
Слайд 12

Газды лазердің әдісі мен жұмыс істеу принципі: - Контактылы әдісте түтікшенің

Газды лазердің әдісі мен жұмыс істеу принципі:
- Контактылы әдісте түтікшенің ішінде

екі басында Анод және Катод орналасады, олардың орнына 1000-2000 В кернеу беріледі де, электр заряды пайда болады.
- Контактысыз әдісте – жиіліктегі генератор пайдаланылады. Бұл екі әдісте де газда пайда болған разряд ұзақ сақталуы мүмкін.
Газды лазер – үздіксіз, ал кристалл мен шыныдағы лазер импульсті түрде жұмыс істейді.
Слайд 13

Жартылай өткізгішті лазер - өте кішкентай (мм-дің бірнеше үлесіндей) жасалады, өлшемдері

Жартылай өткізгішті лазер - өте кішкентай (мм-дің бірнеше үлесіндей) жасалады, өлшемдері

1х2х2 мм, онда айна ролін мұқият жонылып тегістелген жартылай өткізгіштің қырлары атқарады. Одан оған түскен жарықтың 30 – 50% ғана шағылысады.
Бұлардан басқа кристаллдағы, шыныдағы, газды, жартылай өткізгішті лазер, арнаулы сұйықтықтағы лазер дегендер қолданылады.
Слайд 14

Лазер сәулесінің қасиеттері мынандай: 1. Монохроматты – яғни жиілігі тұрақты жарық

Лазер сәулесінің қасиеттері мынандай:
1. Монохроматты – яғни жиілігі тұрақты жарық толқындары.
2.

Лазер жарығының когеренттілігі – когерент толқындар дегеніміз – толқын ұзындықтары бірдей және фазалар айырмашылығы уақытқа байланысты өзгермейтін толқындар.
3. Жарық поляризацияланған.
4. Лазерден шыққан жарық жан – жаққа шашырамай – тек бағыттала таралады. Жарық шығып жатқан жерді конус деп қарастырсақ, онда осы конустың басындағы бұрыш 2,00 денеден лазер үшін 250, ал газды лазерде 2-30 аспайды. Жарықтың мұндай бағытталып таралуы оның алысқа жетуіне жәрдем етеді.
5. Лазер сәулесінің қуаты ( мысалы шыныға неодим енгізсек)
2,5 – 10 13 Вт.
6. Электр өрісінің кернеулігінің өте көптігі, интенсивтілігі 10 19 Вт / м2 болатын лазер сәулесінің электр өрісінің кернеулігі.
Е = 0,3 х1012 В/м