Магнит өрісінде орналасқан тұйық контур арқылы өтетін магнит ағыны өзгергенде тұйық
контурда токтың пайда болу құбылысын электромагниттік индукция деп атайды. Пайда болған ток индукциялық ток деп аталады.
Электромагниттік индукция құбылысын табуға көмегі тиген Фарадейдің классикалық тәжірибелерін қарастырамыз.
Тұрақты магнитті немесе катушканы суретте көрсетілгендей етіп жоғары-төмен қозғаған кезде гальванометрдің ауытқығаны бақыланады. Ол тұйықталған катушкада индукциялық ток пайда болғандығын білдіреді. Тұрақты магнитті жоғары қозғаған кезде гальванометрдің тілшесі біржаққа қарай ауытқыса, төмендеткен кезде екінші жаққа қарай ауытқиды. Егер магнитті жылдамырақ қозғаса гальванометр тілшесі көбірек ауытқиды.