Тартылыс өрісі мен оның кернеулігі
Гравитациялық өрісті денелер туғызады да, материяның өмір
сүру формасы болып табылады.
Өріске енгізілген кез келген денеге
тартылыс күшінің әсер етуі тартылыс өрісінің негізі қасиеті болып табылады.
Тартылыс өрісі кернеулігі бірлік массаға әсер ететін күшпен, ал бағыты сол күштің бағытымен анықталады. Кернеулік тартылыс өрісінің күштік сипаттамасы.
Егер өрістің барлық нүктелердегі кернеуліктері бірдей болса, онда тартылыс өрісі біртекті, және егер өрістің барлық нүктелеріндегі кернеулік векторлары қандай да бір инерциалды санақ жүйесіне қатысты қозғалмайтын А нүктесінде қиылысатын, түзулер бойымен бағытталса, онда өріс орталық деп аталады.