Слайд 5
Мұз құрсап жатқан аймақта тіршілік иесі болуы мүмкін бе?
Өсімдіктер мен жануарлар
дүниесі. Климат жағдайына байланысты бұл аймақтың тіршілік дүниесі ерекше, эндемиктерден құралған. Арктикталық және атланттық түрлерден тұрады. Балықтың 150 түрі, құстардың 30-ға жуық түрлері (шағала, балшықшы, кайра, ақ қаз, қарашақаз, т.б.), сүтқоректілерден итбалық, сойдақтістілер, кит, поляр дельфині, т.б. кездеседі. Жағалауын ақ түлкі, ақ аю және бұғы мекендейді. Мұхитта аң аулау балық кәсіпшілігі дамуда. Еуразия жағалауы арқылы ресейліктер Солтүстік теңіз жолын пайдалануда. Солтүстік Америкада Канада жағалаулары және топаралдарды бойлап, Солтүстік батыс су жолы игерілген.